Forte 14 халықаралық банктен 200 миллион доллар көлемінде қаражат тартты
ForteBank халықаралық кредиторлардан 200 миллион АҚШ доллары көлемінде синдикаттық несие қаражатын тартты. Банктің мәліметінше, келісім жасауға Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Америкасынан 14 банкі қатысты.
Бастапқыда аз сома жоспарланғанымен инвесторлардың жоғары сұранысынан кейін несие көлемі ұлғайтылған.
Мәміле жасауды Commerzbank Aktiengesellschaft (Германиядан) мен MashreqBank psc (БАӘ-ден) ұйымдастырды. Commerzbank Aktiengesellschaft одан бөлек, несиеге құжаттарды рәсімдеу мен қызмет көрсету агенттігі ретінде жұмыс істеді.
"Алғашқы синдикатталған несиені тарту ForteBank-тың дамуы үшін маңызды қадам. Сонымен қатар бұл халықаралық қаржы қоғамдастығы тарапынан жоғары сенімнің бар екенін көрсетті. Осы мәміленің арқасында біз Қазақстандағы бизнес саласына нарықтағы қаржыландырудың ең тиімді шарттарын ұсына аламыз. Бұл клиенттеріміз үшін ForteBank-тің маңызды артықшылығына айналады. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандырады", - деп атап өтті ForteBank Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.
Алынған қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға, оның ішінде нақты экономикалық секторды қаржыландыруға және қаржы тарту көздерін әртараптандыруға бағытталады. Бұл мәміле ForteBank-тің халықаралық қарыз нарығына қатысу аясын кеңейтеді.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында ForteBank Вена және AIX биржасында жылдық 7,75% купондық мөлшерлемемен $400 миллион сомасына 5 жылдық еурооблигацияларды шығарды. Осылайша, бұл қазақстандық жеке меншік банктер тарапынан соңғы 12 жылда алғаш рет шығарылған еурооблигациялар болды.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
