FlyArystan Air Astana-дан бөлінсе, билеттер қымбаттайды - Air Astana басшысы
Air Astana басшысы Питер Фостер екі компанияның бөлінуіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, Flyarystan Air Astana-дан бөлінгеннен кейін тарифтер өседі.
"Қазіргі уақытта FlyArystan Air Astana-ның қызметтері мен ресурстары пайдаланады. Егер екеуі бөлінсе, ол өзі бәрін қамтамасыз ету керек. Демек бағалар өседі деп болжануда", – деді Air Astana басшысы Питер Фостер.
Үкімет отырысында Фостер билеттерді 12 сыныпқа бөлу жүйесінің қалай құрылатынын түсіндірді.
"Біреу брондап, билетті неғұрлым тезірек алса, тариф соғұрлым төмен болады. Бұл брондау күніне де байланысты. Егер сұраныс жоғары күндері, мысалы жұма күні кешке, тариф жоғары болады.
Спикердің айтуынша, бұл шығындарға байланысты баға моделі емес, нарыққа, сұранысқа байланысты динамикалық баға. Сондықтан FlyArystan сұраныс төмендеген кезде қаржыдан қағылуы мүмкін.
“Сонымен бірге флот пен персоналдың шығындары бірдей болып қалады. Бірақ сұраныс артып, тариф көтерілген кезде, олардың да қосымша пайда табу мүмкіндіктері бар", – деп түсіндірді ол.