Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фанат қыз Қайрат Нұртас үшін балконнан секіріп кетпек болған

Фанат қыздардың бірі Қайрат Нұртас үшін балконнан секіріп өлмек болған. Сондай-ақ, тағы бір жанкүйер Қайраттың “өлімі” туралы жалған ақпарат естіп, оған Жұлдызды кінәлап, оның да сазайын беруге уәде берген. Бұл туралы Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Фанат қыз Қайрат Нұртас үшін балконнан секіріп кетпек болған

“Мына әніне қарап, Қайраттың 18 жасындағы “Арман” әні xит болып жатқан кезіндегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сыяр емеспін, дәл қазір келмесең мен балконнан секіріп өлемін дейді. Оны тыңдап тұрған Қайрат, ана қызға жалынып жатыр. Өлмеші, мен біреу ғанамын, сендер көпсіндер ғой деп. Трубканы қойған соң, танымайтын біреу, бірақ өліп қалса не істеймін, мені қамап тастайды ма дейді.

Ол кез аңғал әрі аңқау кезі ғой. Эx небір қызықтар өтті ғой. Ол кезде Жұлдыз да өте аңғал бала болатын. Бір күні бадырайған көзі одан сайын бадырайып, үркіп келіп тұр. Не болды, тыныштық па десем: мама, тыныштық емес, бір қыздар звондап, сенің кесіріңнен Қайрат Нұртас өліп қалыпты ғой, енді сені өлтіреміз дейді,- деп тұр. Тура бір үйге қыздар кіріп келіп Жұлдызды өлтіретіндей күйде. Ішек-сілем қатып күлгенмін, аңғалдығына. Енді екеуі мені алдамаса алданбайтындай қайта маған ақыл айтатын жасқа жетті. Аман болсын, балапандарымыз!” – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр