Еуропада аяз, жаһанда су тасқыны мен дауыл жиіледі: 2024 жылы климаттың жылыну процесі рекорд деңгейіне жетті
Ғалымдар жаһандық жылынудың мерзімдік ауа райына әсер етіп жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Жыл сайын адамдар қалдыратын зиян қалдықтар салдарынан Жерде ауа қысымы мен салқындату жүйесі бұзылған. Салдарынан су тасқыны, өрт, аяз бен дауыл жиіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ВВС
2024 жыл тарихта ең ыстық жыл болды. Сонымен қатар алғаш рет 1,5°С-қа дейін жылыну кезеңі болды.
Жаһандық жылынуға байланысты 2015 жылы Парижде әлемнің барлық дерлік елдері климатты сақтауға келісім жасасқан еді.
Еуропалық одақ жанындағы Коперник климаттық орталығы (C3S) дүйсенбіде планетадағы биылғы қараша былтырғыдан кейінгі ең жылысы болғанын мәлімдеді.
"Енді 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болады деп толық сеніммен айтуға болады. Париж келісімінің мақсаттары әлі бұзылған жоқ. Бірақ қазір климаттың өзгеруімен күресу үшін өршіл шаралар өте қажет", — деді C3s басшысының орынбасары Саманта Бургесс.
Биыл жаһанда климат 1,5°C-тан жоғары жылынған.
Фото: ВВС
Климат өзгеруінің адамзатқа апатты салдары, қаупі бар. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын аптап ыстықтан жарты миллион адам көз жұмады. Ал әлемдік экономика триллион шығынға ұшырап жатыр. Басқа да салдары жетерлік.
Планетаның жылынуы су мен ауа айналымы мен салқындату жүйесінің бұзылуына әкеледі. Салдарынан суық пен аптап ыстық арасында ауа райының теңсіздігі пайда болып жатыр. Мәселен құрғақшылық, аяз, дауыл, орман өрттері мен су тасқыны жиіледі.
Аяз әрі дымқыл ауа райы Еуропаға кері әсер етіп жатыр
Әлемнің қалған бөлігінде жаңа температура рекорд жаңартып жатқанда Еуропада өткен айда – қарашада өте суық әрі дымқыл ауа райы болды.
Жауын-шашын көп болғаннан Испанияда су тасыды және ауа буланып жатыр. Бұл Шығыс Еуропаның көп бөлігі, Балқан мен Грецияның оңтүстігі, Лондон тұрғындары және Ұлыбританияның оңтүстігінде білініп жатыр.
Мұнда ауа райы салқын ғана емес, дымқыл әрі тынық болған. Салдарынан энергетикалық дағдарыс күшейе түсті.
Еуропадағы жарық пен жылу бағасы да соғысқа байланысты өсіп жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға толық басып кіруінен кейін Ресей газын жеткізудің күрт төмендеуіне әкелді.
Қараша айында Еуропалық жерасты қоймаларынан газ өндіру он жарым жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Желтоқсан айының басында олар тек 86% толтырылды. Өткен жылы 96%, екі жыл бұрын 93% болды.
Жылыту маусымының соңына қарай мұндай қарқынмен қорлар таусылуы мүмкін. Яғни еуропалық тұтынушылар электр энергиясы мен жылыту үшін тағы бір жыл артық төлеуге мәжбүр болады. Ал өнеркәсіп Қытай мен АҚШ-тағы бес есе арзан газ зауыттарымен бәсекелестікті жоғалтады.
Синоптиктер ендігі аптада Германия мен Шотландияда қар жауады деп болжап отыр. Тек ұзақ мерзімді болжамдарда жылдың ең суық айлары қаңтар мен ақпанда ауа райы орташадан сәл жылы болады делінген.