Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта пайда бола ма? Ұлттық банк жауабы

Ұлттық банк төрағасы мәжіліс кулуарында Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта жасау мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді. Ерболат Досаевтың сөзінше, одаққа мүшелік ететін әр мемлекеттік қаржылық тәуелсіздігі сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта пайда бола ма? Ұлттық банк жауабы

Өз сөзінде Досаев ЕЭО-ның идеясы валюталық емес, экономикалық одақ құру екенін айтты. 

«Сондықтан бұл мәселенің әдейі түрлі формада асырып айтылып, маған да түрлі форматта жетуін түсінемін. Мен келісімде бірыңғай валюталық одақ және бірыңғай валюта құру қарастырылмағанын айтамын. Ұлттық банк бүгінде және болашақта қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша агенттікпен бірлесе отырып, қаржы-несие саясатын жүргізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы тиісті шараларды қабылдау және тағы басқаларын жүргізу үшін өкілеттігін толықтай сақтайды», - дейді Ұлттық банк төрағасы. 

Ерболат Досаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қаржылық тәуелсіздігі сақталатынын атап өтті.

Талқылау