Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Eurasian Resources Group пен қазақстандық сода өндірушінің арасында ортақ келісімге қол қойылды

2 қыркүйекте Eurasian Resources Group (ERG) пен "Qazaq Soda" ЖШС келешектегі жеткізілімдерге өзара ниетті екені туралы меморандумға қол қойды. Жамбыл облысында салынып жатқан кальцийленген сода өндіретін зауытты 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Мамандар өндіріс ошағы қазір Қазақстанға импортталып отырған сода көлемін толық өзі қанағаттандыратынын айтады. 

ERG

Бұл зауыт еліміздегі алғашқы кальцийленген сода өндіруші болмақ. Зауыт құрылысы қоршаған ортаға кері ықпалды барынша азайту қамында "Zero Waste technology" қағидаты бойынша жоспарланған. 

Кальцийленген соданы Сольве әдісімен өндіру көзделіп отыр. Яғни, табиғи тұз ерітінділерін аммиак және көмірқышқыл газымен байыту жолымен. Оны жентектеген кезде бикорбонат пен кальцийленген сода түзіледі. Басты ерекшелігі – барлық кезеңдерде өндіріс үрдісі үзіліссіз. Сольве әдісі бұл тұрғыдан алғанда ең шығыны аз және экологиялық тұрғыда оң, жоғары таза өнім алуға мүмкіндік береді

Кальцийленген соданың металлургияда кеңінен пайдаланылатынын айтқан "ERG Коммерция орталығы" ЖШС Бас директоры Руслан Мулюкбаев жаңа зауыт іске қосылса, қажетті өнімді сатып алумен шектелмей, отандық тауар өндірушіні қолдауға мүмкіндік туатынын айтады.

 "Кальцийленген сода металлургияда кеңінен пайдаланылады. Жыл сайын біздің кәсіпорындар бұл шикізаттың 160 мың тоннадан астамын сатып алады. Жаңа зауыт іске қосылса, біз тек қажетті өнімді сатып алумен шектелмей, отандық тауар өндірушіні қолдай аламыз. Әзірге біз кальцийленген соданы сырттан импорттауға мәжбүрміз. Біз отандық тауар мен қызмет жеткізушілер қатарын ұдайы саралап, кеңейтіп келеміз. Келешекте өнімнің осы түрінде импортты алмастыра алатын болсақ, тек қуаныштымыз", - дейді Руслан Мулюкбаев.

"Qazaq Soda" ЖШС кальцийленген соданың 2 түрін: А (ауыр) және Б (жеңіл) маркалысын өндіреді деп күтілуде. Олардың ерекшелігі – құрамындағы химиялық элементтер мен төсемнің тығыздығында болмақ. 

А маркалы өнім – металдарды тазарту мен оларды майдан арылту, домна шойындарын күкіртсіздендіруге, алюминий өндірісінде бокситтерді өңдеуге және металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ал Б маркалы кальцийленген сода – көбіне текстиль, қағаз бен тағам өндірісіне қажет.
 ERG кәсіпорындары арасында кальцийленген соданы Павлодар алюминий зауыты тұтынады. Ол бастапқы алюминий тотығын алу барысында сілті теңгерімін қалпына келтіруші ретінде жұмсалады.

Талқылау