Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстония мектептері Еуропада үздік деп танылды. Табыс сыры неде?

Соңғы жарық көрген мектеп рейтингісінде Эстониядағы мектептер Еуропа бойынша бірінші, ал әлем бойынша бесінші орынды иеленіп отыр. Қытайлықтармен тізім басында теңесіп, ал Ресей мен Латвия сияқты кеңестік білім жүйесінің мұрагерлері атанған елдерді шаң қаптырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті BBC басылымына сілтеме жасап.

Жаңа PISA рейтингісінде (Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалайтын халықаралық бағдарлама) Эстония мектептері оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша Еуропада бірінші орынға шықты. 

PISA үш жылда бір рет зерттеу жүргізіп тұрады. Эстония 2015 жылы да, өткен жылы да Еуропада бірінші орын алған болатын. 

Зерттеу барысында ондаған елден жиналған 100 мыңға жуық 15 жасар оқушылар сауаттылық пен білімді практикада қолдану қабілетін тексеру үшін тест тапсырады.

Эстонияда кеңестік білім жүйесін түбірімен өзгерту тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ басталып кеткен. Мысалы, ресейлік бірыңғай мемлекеттік емтихан және соның балы негізінде оқуға түсу 90-жылдары енгізілді. 

КСРО құлағалы 28 жыл өткен уақытта Эстония мектептері кеңестік мектеп моделінен  мүлдем алшақтады. 

"Біздің мұғалімдерде баланы оқытудың жоғары кәсіби шеберлігін қалыптасқан", - деп артықшылықтарды тізбектей бастады білім мәселесімен айналысатын Эстония парламентінің депутаты Лиийна Керсн.

"Эстонияда заманауи оқыту методикасы жақсы дамыған, - деп жалғастырды сөзін депутат, - оның ішінде проблемалық оқыту, жобалық оқыту, сандық оқыту, өмірлік дағдыларға үйрету бар. Мақсат - әртүрлі пәндерді байланыстыра отырып, оқуды шынайы өмірмен біріктіру, оқушылардың заттарды дұрыс танып, өмір заңдылығына үйрету".

Проблемалық оқыту дегеніміз - мұғалімнің дайын білімді ұсына салмай, арнайы мәселе көтеріп, оның шешімі арқылы жаңа білімді игеру; жобалық оқыту - әр түрлі пән сабағында жалғыз немесе топ болып оқушылардың жоба қорғауын көздейді; сандық оқыту компьютерлік сауаттылықты, жай оқу мен ғаламторда оқыту; ал бастауыш сыныптарды өмір дағдыларына үйретеді. 

Лийна Керсннің ойынша, Эстония мектептерінің мұндай табысқа жетуі - мұғалімдердің жоғары кәсібилігіне тікелей байланысты.

Одан бөлек, мұғалімдердің ұзақ уақыт білім саласында жұмыс істеуі жалақы мөлшеріне де байланысты: Эстониядағы мұғалімдердің жалақысы екінші кварталдың есебімен салықты алып тастағанда 1513 евро, бұл елдегі орташа жалақыдан сәл жоғары; ал балабақшадағы орташа жалақы - 1145 евро.

Сондай-ақ, оқушылардың өз қызығушылығына сай үйірмелерге баруы да мектеп сапасын арттырады.

"Үйірмеге қатысу арқылы балалар өз қабілеттерін дамытады, арнайы пәнді ықыласпен меңгереді. Мұндай үрдіс бастауыш сыныптарда да жақсы қалыптасқан", - дейді Керсн.

Одан бөлек, депутат сөзбен бағалаудың артықшылығын атап өтті. 

Ол дегеніміз - "бес" немесе "екі " деген баға қою емес, "өте жақсы", "мына жерді кішкене толықтыру керек" деген сөздерді қолдану. Мұндай бағалау көбіне бастауыш сыныптарда кездеседі, ал жоғары сынып оқушыларына балл қойылады.

Табысқа талпыну

Эстониядағы PISA зерттеуінің ұйымдастырушысы Гунда Тиренің айтуынша, эстониялық оқушылар табысты мақсат тұтқан мықты балалар: олар өз интеллектерін дамытуға қабілетті әрі болашақты жақсарту үшін тұлға ретінде дами алатындарына сенімді.

Халықаралық рейтингте алдыңғы төрт орында Қытай және қытайлық қалалар иеленген. Бірінші орында Пекин,Шанхай, Цзянсу және Чжецзян (PISA бүкіл Қытайда емес, осы аталған қалаларды жұмыс істеген), екінші орында Сингапур, үшінші орын Макао және төртінші орында Гонконг. 

Кеңестік білім жүйеленген елдер Эстониямен салыстарғанда айтарлықтай төмен орында. Мысалы, Латвия - 30, Ресей - 31, Литва - 34, Беларусь - 36, Украина 39.

Британия мектептері 14 орынға жайғасты. 

2016 жылмен салыстырғанда Ресей 3 позицияға төмендеді, алайда Жоғары экономика мектебі Білім институтының ғылыми жетекшісі Исак Фрумин оның айтарлықтай қиын мәселе емес екендігін айтты. 

"Ол жерде үш негізгі индикатор бар, математика мен жаратылыстану ғылымында болатын өзгеріс аса маңызды емес. Оқу сауаттылығы бойынша, иә, көрсеткішіміз төмен . Бұған дейін Ресей жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан. Ал орынға келсек, ол өзгере береді, өйткені жыл сайын жаңа елдер қосылып отырады", - деді Фрумин.

Эстония мектептерінде эстон және орыс тілінде оқиды. Орыс тілді мектептердің нәтижесі төмен. Эстониядан 5371 оқушы қатысқан, оның 4000 эстон тілінде, ал 1371 орыс тілді оқушылар еді. 

 

Талқылау