Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есікті жауып, өртегісі келді деп ойлаймын": Белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне монтаждау көбігін құйып кеткен

Журналист, "ГиперБорей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко 19 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулердің пәтерінің есігіне монтаждау көбігін құйып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вадим Борейконың сөзінше, көршілері пәтерінің алдына үш адамның келгенін көрген. 

"Түнгі 03:00 шамасында пәтерімнің сыртына жабысқақ құрылыс көбігін құйып кетті. Көршілерім үш адамды көргенін айтады. Олар қашып кеткен. Көбіктің иісі жанғыш материалға ұқсайды. Есікті жауып, өртегісі келді деп ойлаймын. 102-ге хабарластым. Журналист екенімді айтып, бұл әрекетті кәсіби қызметіме байланысты болуы мүмкін екенін жеткіздім. Дабылды қабыл алып, Бостандық аудандық полиция бөліміне бергенін айтты", – деп жазды ол.

Оқиға орнына келген жедел топ саусақ іздерін, ДНҚ-үлгілерін алған. Сонымен қатар журналистен алдын ала жауап алынған. 

"Мен іс материалдарын жария етпеумен келісу туралы қолхаттан жазьаша бас тарттым. Себебі мұнда мемлекеттік құпия жоқ. Ал сыртқы есікке бояумен менің YouTube-арнамның атауын жазып кеткен. Бұл жазба туралы полициядан білдім", – деп қосты журналист. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үйінің ауласында журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп кеткен еді. Кейін полиция журналистің көлігін өртеді деген күдікпен 5 жасөспірімді ұстады. 

Талқылау