"Ештеңеге өкінбеймін": ШҚО полиция қызметкері дау тудырған видеоға қатысты пікір білдірді
Шығыс Қазақстан облысының полициясы басшылықтың қысымы туралы видео үндеу жазып, енді аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Телефон арқылы Еркебұлан Мейрембаев өзінің іс-әрекетіне өкінбейтінін хабарлады.
"Мен ештеңеге өкінбеймін. Мен заң аясында әрекет еттім. Адамға іштей сенімді болу маңызды. Бәрін айттым деп ойлаймын, алып қосарым жоқ", - дейді Еркебұлан Мейрембаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бөлімде тексеру жүргізілуде. Нәтижелер әлі белгісіз.
"Маған қысым жасалып жатқан жоқ. Бәрі қалыпты, жұмыстамын. Көптеген адам осы күндері қоңырау шалды, бірі қолдайды, бірі ұрысып жатыр. Телефон қуаттауға уақыт жоқ. Бірақ басшылықтан ешқандай қысым жоқ. Шынымды айтсам, уақыт та жоқ", - деді Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы сөйлескенде.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының полиция қызметкері видеожазба жазып, онда бастығы тарапынан мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынған адамды заңсыз шығаруға мәжбүрлейтінін айтқан болатын.
Еркебұлан Мейрембаев басшысының нұсқауын орындаудан бас тартты. Басшылығынан қысым көрген ол видео арқылы үндеу жасады.
Жарма аудандық полиция бөлімінде жариялағаннан кейін тексеріс басталды, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл істі жеке бақылауына алды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
