Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Абақтыдағы азаматты жерлеу рәсіміне жібересің деді": ШҚО-лық полиция қызметкері басшысының құйтырқылықтарын жайып салды

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкері қазақстандықтарға үндеу жасады. Айтуынша, ол бастықтың бұйрығымен тұтқындалған азаматты босатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

полицей

Полицей түскен бейнежазба Instagram желісінде таралды. 

"Шарасыздықтан видеоүндеу жазып отырмын. Не болғанын өзім түсінер алар емеспін. Мен 2013 жылдан беру тергеу изоляторында қызмет атқарамын. Осы жылдың 27 шілдесінде әдеттегідей жұмыстағы кезекшілігіме кіріскенімде, маған бастық хабарлассын деп айтқанын естідім. Ол маған  сот шешімімен 15 күнге қамалған 1970 жылғы азаматты бостауды бұйырды. Әлгі азамат мас күйінде көлік айдағаны үшін жазаланған болатын", - дейді полицей. 

Үндеу жасаған полицей бастық кінәлі азаматты уақытша босатуды талап еткенін айтады. 

"Қамаудағы азамат кісі жерлеу рәсіміне барып келуі керек екен. Еш құжаты жоқ. Бастық бұл жағдайды өз жауапкершілігіне алатынын айтты. Алайда мен онымен келіспедім. Маған басқа да амалдар ұсынды, мен бой бермедім. Сөйтіп едім ол мені балағаттап, қоқан-лоққы көрсете бастады. Мен бұның бәрін диктофонға жазып алған едім", - дейді полицей. 

Сөзінше, аталмыш жайт бойынша құзырлы органдарға хабар берілген. Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға шағым жолданыпты. Десек те құзыретін асыра пайдаланбақшы болған басшы тек сөгіспен құтылған. 

"Оны өз қызметінде қалдырды. Ал мені мадақтаудың орнына басқа жұмысқа ауыспайсың ба деп сұрап жатыр. Бұл менің намысыма қатты тиді. Сонда мен отан алдында ант қабылдауым бос әңгіме болғаны ма? Заң алдында барлығы да тең болуы керек қой! Жабулы қазан жабулы күйінде қалмас үшін қайда шағымданарымды білмеймін", - деді тәртіп сақшысы. 

ШҚО ПД өкілдері аталмыш видео жайлы хабардар екендерін жеткізді. 

"Жеке қауіпсіздік басқармасы тергеу жүргізіп, жергілікті лауазымды басшылар қатаң тәртіптік жазаға кесілді. Бұған қоса тағы бірнеше тексеру жұмыстары басталып кетті", - деді олар. 

Талқылау