Ернар Айдар жұбайы мен қыздарын көпшілікке таныстырды
Кенже қызының тұсауын кестіріп, дүркіретіп той жасаған Ернар Айдар отбасын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ассалаумағалайкум баршаңызға. Алланың қалауымен, таныстыратын сәт келген сияқты. Бұл менің отбасым, Аллаға шүкір.
Жан жарым, махаббатым - Мадина, мен Мадош деп атаймын", - деп жазды Ернар Instagram-дағы парақшасында.
Иә, Ернардың Мәдина есімді жары өзінің жанкүйері. Шымкент шахарының тумасы. Қос ғашық Ернардың концерттерінің бірінде танысқан деседі. Ал үйдің тұңғышы 2019 жылы дүниеге келген.
"Үлкені, әжесінің қызы - Айшолпан 2-жастан асты.
Кішкентайымыз Айым, әжесі "Айым - қара шайым" деп атайды, 1-жасқа толды.
Ардақты ағайын, көпшілігіңізге белгілі былтырғы жылы тура Мейрамбек ағамның туған күні яғни 7 қарашада Айым қызымыз дүниеге келіп, Мейрамбек ағам мен Мархабат жеңгем кіндік ата-анасы болып қатты қуантып еді.
Аллаға шүкір Айым қызымыз 1-жасқа толып,ақ тілектерін тыңдау мақсатында кішігірім ағайын-туыс, аға, дос-бауырлардың басын қосқан болатынбыз. Өздеріңіз көріп біліп отырғандай Мейрамбек ағам ақ батасын беріп, Мархаббат жеңгем тұсауын кесіп берді.
Келген қонақтарға, баршаңызға мың алғыс.
Ақ тілегін жаудырып тілекші болып жатқан барша ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын, Алла баршаңызды еселеп қуантсын", - деп түйіндеді сөзін ол.
Ернардың отбасын көрген фанаттары қуанып, жылы лебіздерін жаудырды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды