Ернар Айдар қызды болды
Танымал әнші Ернар Айдар қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ernaraidar_kz
“Ассалаумағалейкум баршаңызға! Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен , қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір”, – деп қуанышымен бөлісті өнер иесі.
Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
“Ғұмырлы болсын!”, “Құтты болсын!”, “Бауы берік болсын!”, “Салихалы ұрпақтардан болсын!”, “Қызы бар үйдің берекесі де, мерекесі де мол болады. Құтты болсын!”, “Алла ұзағынан сүйіндірсін”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген