Ерлі-зайыпты мерейтойына лотерея билетін алып, 1 миллиард теңгеден астам ақша ұтты
Фото: Pexels.com/Torsten Dettlaff
Нью-Джерсиде ойда жоқта лотореядан 2 миллион доллар ұтып алған ерлі зайыпты қаражатты қалай және қайда жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People - ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыпты Diamonds & Gold ойнынан билет сатып алған.
“Біз бұл билетті үйлену мерейтойымызда бірге сызып отырып ұттық. 2 миллион доллар ұтып алғанымыздыбірінші болып күйеуім байқады. Ол бірдеңе дұрыс емес болуы мүмкін деп ойлады. Сондықтан біз оны дүкенге апарып, сканерледік. Лотерея офисіне өтініш беру туралы хабарлама шыққан соң, біз досымыздан өзінің Лотерея қосымшасында сканерлеуді өтіндік. Экранда 2 миллион доллар пайда болғанда мен дірілдеп, шок күйде болдым. Бұл біздің мерейтойымызға ең қызық әрі ең жақсы тосын сый болды”, – дейді 44 жастағы әйел.
Мичиган лотереясының мәліметінше, ерлі-зайыпты билетті Auburn Hills қаласындағы Opdyke Featherstone Mobil дүкенінен сатып алған. Жұп жүлдені толығымен аннуитет түрінде алу орнына, шамамен 1,3 миллион доллар көлеміндегі бір реттік төлем түрінде алуды ұйғарды. Олар ұтыстарын үй сатып алуға, инвестицияға жұмсап, қалғанын балалардың жоғары оқу орнға түсуге арналған қорға жинайтынын айтқан.
Лотерея комиссиясының төрайымы Сузанна Шкрели өз сөзінде бақытты ерлі-зайыптыны шын жүректен құттықтады.
"Ұтысты балаларының болашақта білім алуына жұмсайтынын естіп қуандым”, – деді ол.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
