Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров әйелдердің ерлерге ұнамайтын қасиеттерін атады

Ерлан Орынбасаров қуанышты жаңалығын бөлісті. Жаз айында Баян ханым екеуі тағы да бір перзент сүюге дайындалып жүр екен. Мұнымен қатар, ол әйелдердің өзіне ұнамайтын кемшіліктері туралы айтып берді.

0эж

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева отандық бағдарламалардың бірінде қонақта болып, қуанышты жаңалықтарын бөлісті. Жұлдызды жұп екінші перзенттерінің дүниеге келуін күтіп жүр екен. Алайда әзірге олар бес айлық сәбилерінің жынысын анықтамаған. Аталған бағдарлама барысында олар отбасындағы келеңсіздіктерді қалай шешетіндерін айтып берді. Мұнымен қатар, Ерлан мырза әйелдердің бойындағы қандай қасиеттерді ұнатпайтынын тілге тиек етті.

«Кез келген ер адамға әйелінің өзін сұрақтың астына алғаны ұнамайды. Екіншіден, үй міндетті түрде таза болуы тиіс және ең бастысы – тамақтың дайын болуы. Бала күнімізде анамыздың мазасын алсақ, «Тұра тұрыңдаршы! Қазір әкелерің жұмыстан келеді. Мен тамақ істеп алайын. Әйтпесе, мені жеп қояды» деп ұрысып тастайтын. Бір уақытта қабағын шытып әкеміз жұмыстан келеді. «Әй, сен не істедің? Ананы жасадың ба?» деп барлығымызға нұсқаулық беріп жатады. Өзі дауыс көтеріп сөйлейді. Тамақ ішерде әкеміздің аузына қарап отырамыз. Ішіне бірнәрсе барды-ау деген кезде, күлімсіреп, «Сабағың қалай болып жатыр?» деген секілді сұрақтар қояды. Сол себепті, азаматтың әрдайым қарны тоқ жүруі тиіс», – дейді Ерлан Орынбасаров.


Жіберіп алмаңыз:

Көрші баладан ұялып отырған Майғазиевтің қызы көпшілікті сүйсінтті (фото)

Роза Рымбаева енді актрисалық қырымен танылмақ

Тәуекел Мүсілім өзін “сұлу” деп атамауды өтінді

Данагүл Темірсұлтанова: Ер азаматтар болмаса “жүнжіп” кетер едік

Талқылау