Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данагүл Темірсұлтанова: Ер азаматтар болмаса “жүнжіп” кетер едік

Белгілі қазақстандық актриса Данагүл Темірсұлтанова барша әйелдер қауымы атынан ер азаматтарға алғыс айтты. Оның айтуынша, ерлер болмаса әйелдің күні қараң болар еді.

данагул и азат

Бұл туралы актриса Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты.

“Ер азаматтар болмаса, біз мықтымыз деп мен айта алмаймын. Қазақтың «байтал шауып бәйге алмас» деген мақалына толық қосыламын. Қанша уақыт келін болып жүрсем де, бұл сөзді жадымнан тастаған жоқпын. Сондықтан ер азаматтар болмаса, әйелдер бұлай құлпырып жүрмес еді. Көп тірлікті жасамас еді, масқара білмеймін не болып кететінін, жүнжіп кететін шығармыз. Ер азаматтың орны бөлек, сондықтан оларды сыйлау керек”, – дейді ол.

Актрисаның айтуынша, ерлі-зайыптылардың бір мамандық иесі болғаны жақсы. Бұл ретте ол күйеуі Азат Сейтметов екеуінің ара-қатынасы туралы әңгімелеп берді.

“Әрине, Азат Сейтметов актер, екі актер бір бірін түсінбегенде кім түсінеді? Құрылысшы болмаса басқа мамандық иесі түсінбейді ғой. Өнер жолында жүргеннен кейін ерлі-зайыптылар бір-бірін қолдап, қолтығынан демеп, алға қарай итермелеп жүру керек”, – деп түйіндеді сөзін актриса.

Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген: Өзімді Мэрилин Монроға жегізе салар едім

Бақытбек Есентаев өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Тұрсынғали Алагөзов: Сенбеңіздер! Мен әйеліммен ажырасамын

 

Талқылау