Еркіндікке шыққан тұтқын камераласын түрмеден жүк сөмкесіне салып алып шыққан

Фото: Ru.freepik.com
Францияның Лион қаласында тұтқын түрмеден қашып кетті. Оны еркіндікке шыққан досы сөмкесіне салып алып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураға сілтеме жасаған Le Progrès басылымының дерегінше, оқиға 11 шілде күні болған. Түрме қызметкерлері тұтқынның жоғалғанын бір тәуліктен кейін ғана байқаған.
Қашып кеткен тұтқын шамамен 20 жаста. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Сондай-ақ екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген. Тұтқынның ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар болуы мүмкін.
Түрме ішінде қызметтік тергеу басталды. Ал сөмке арқылы тұтқынды түрмеден алып шыққан бұрынғы камераласы оған қашуға көмектескені үшін қайта түрмеге түсуі мүмкін.
Лион-Корбас түрмесі бұрыннан проблемалы мекеме саналады. BFMTV мәліметінше, түрме 678 адамға есептелгенімен. Бірақ 1 мамырдағы жағдай бойынша мұнда 1218 адам қамауда отырды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген