Еркін Рақышев: Мұрағаттар ашылса, халық Тұрар Рысқұловты сатқын деп ойлайды
Режиссер Еркін Рақышев ҰҚК-дегі қоғам қайраткерлеріне қатысты мұрағаттардың не себепті ашылмай отырғанын түсіндірді. Айтуынша, халыққа ол мұрағаттардағы деректерді білуге әлі ерте. Тергеу барысындағы жауаптардың қалай алынғандығын білмегендіктен, бұқара қазақ зиялыларын «сатқындар» деп айыптауы мүмкін.
Фото: Brod.kz
Бұл туралы «Неге солай» бағдарламасында айтылды.
– Ашаршылыққа қатысты шынайы деректер қалың бұқараға тарап отырған жоқ. Ол жайында деректі фильмдер мен басылымдар азын-аулақ. Бірақ, мұның себебі неде?
– Бұл жерде екі жақты қарау керек. Барлығы біздің тарихшылар мен үкіметтің жалтақтығы мен қорқақтығының арқасында болып отыр. Үкімет «Ресейді ренжітіп алмаймыз ба? Бір бәлеге ұрынып қалмаймыз ба?» деген пікірде. Бірақ, уақыт өте келе мұның барлығы ашылады, халыққа жетеді. Бүгінге дейін ҰҚК архиві бұқара үшін жабық. Алдымызда «Сол архивті ашу керек пе?» деген сауал тұр. Үкімет ашуға қарсы, ал қоғам белсенділері керісінше пікірді ұстанып отыр. Бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарау керек.
Әрине, жалаң ұран көтеріп жүре беруге болады. Бірақ, мұның артында не нәрсе тұрғанын жетік түсіну қажет. Сол кездегі қоғам қайраткерлеріне кеңес өкіметі қалағанын жасатты. Не жаздырғысы келсе, соны жаздырды. Осы себептен қайраткерлеріміздің тергеу барысында берген жауаптарында бірін-бірі сатқан кездер кездеседі. Осы нәрсе халыққа жетсе, олар «Рысқұлов сатқын екен. Ораз Жандосовтың әрекеті тым нашар екен, Мағжан Жұмабаев, тіпті, көп адамды сатып кетіпті.
Біз бұларды қоғам қайраткері деп жүрсек, олар нағыз оңбаған екен ғой» деген пікірді ұстануы мүмкін. Ол архивтерді ашпас бұрын, бұқара халықтың санасына қайраткерлеріміздің жасаған еңбегін сіңіруіміз керек. Яғни тергеу барысында берілген жауаптарының қандай әдіспен алынғанын анықтауымыз керек. Кеше ғана фейсбук желісінде Тұрар Рысқұловқа қатысты айтыс жүрді. Бір топ адам оны сатқын деп айыптады. Мамандардың айтуынша, мұндай ақпаратқа 30℅ адам талдамастан сенеді. Сол үшін архивті ашуға әлі ерте.
Жіберіп алмаңыз:
Мемлекет бірқатар азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды тоқтатуы мүмкін
Алматыда трамвай рельстерінің орынына ұзындығы 7 шақырымнан асатын веложолдар салынбақ
Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды
Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады