Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды

Мойнында мемлекетке берешек салық қарызы бола тұра шетел асып кеткен атышулы Мақсат Үсеновке қатысты Әділет министрлігі түсініктеме берді.

kartina

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жақында атышулы Мақсат Үсенов Таиландта ұшақ бортында ұсталған болатын. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті тайландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.

Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің атап өтуінше, борышкерді елден шыға алмайтын азаматтардың тізіміне енгізу үшін өндіріп алушылар оны сотқа беру керек. Ал Үсеновтің жағдайында сот шешімі болмаған.

“Сот шешімінің негізінде сот орындаушылар сот өндірісін бастайды. Сот орындаушылардың қолында тиісті сот шешімі болмағандықтан, Үсенов ел аумағынан кетуге уақытша шектеу қойылатын азаматтар тізіміне енгізілмеген”, — деді баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз:

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды

Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Талқылау