Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды

Виталий Ненченко демалысында отбасымен бірге Ташкент- Самарқанд- Бұқарада тұратын туыстарын араламақ болған,-деп жазды КТК арнасы.

өзбек

Алайда, шекарадан өте сала өзбек құзырлы орындарының көзіне түсіпті. Ұялы телефонын тексерген «Келес» станциясындағы полицейлер сол жерде жібергенімен, кейін қолына кісен салған. Оған себеп, WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик көрінеді. Ал, жарының айтуынша, өзі мұны көрмек түгелі, жүктеп те үлгермеген.

«Біз 5 күн емін-еркін жүрдік. Виталийге түсініктеме жаздырып жіберген болатын. Сөйтіп, Самарқанд пен Бұқараны түгел араладық.

Егер кінәсі болса, қашып кетуімізге болатын еді ғой. Біраз күннен соң жолдасымды шақырды. Прокурормен сөйлессе керек, 28-ші мамыр күні бірден маған қоңырау шалып, қорғаушы тауып келуімді сұрады»,-дейді Виталий Ненченконың жұбайы Тамила Бекшенева

Отандасымыздың осындай айыппен көрші елде қамауда жатқанына екі аптаға жуық уақыт болды. Ал, оның амандығын біле алмаған жақындары не істерін білмей дал. Тек, Виталийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы сондағы қорғаушыларынан естіпті.

«Онда ешқандай экстремистік бағыт жоқ. Өзі дінге де сондай берілмейтін. Тіпті, 37 жасына дейін қылмыстық тұрмақ, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған болатын»,-дейді Виталий Ненченконың қарындасы Юлия Медведева

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл істі Өзбекстандағы елшілік бақылауға алғанын жеткізді. Алайда, Виталийдің жағдайы әзірге белгісіз көрінеді.

Естеріңізге салсақ, 5 жыл бұрын тағы бір отандасымыз өзбек түрмесіне қамалған болатын. Оның да қолындағы нетбугынан күдікті видео табылып, экстремистік уағыз жүргізді деген айыппен ақыры 5 жылға сотталды.

Виталий Ненченконың жақындары да енді осылай 10 жылға дейін сотталып кетеді деп үрейленіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Мәдина Сәдуақасова ұлының есеп шығарып, үш тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Отандық әншілерден құралған футбол командасы Аргентинаны 3:0 есебімен жеңді (видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Талқылау