Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Бүгін – қасиетті ораза айының оныншы күні. Өнер жұлдыздары бірінен соң бірі ауызашар беріп, әріптестерінің басын қосуда. Ал, жас кәсіпкер Досбол Мәлікомар ауызашарды ерекше өткізді. Ол ораза ұстаған өнердегі барлық жұлдыздың басын қосып, спортты насихаттады.  Ерекше жиында әншілердің діни сауты да тексерілді.

bandicam 2017-06-04 23-38-21-161

Бұл туралы ауызашардың қонағы болған Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Ашық аспан астында өткен ауызашарға Сәкен Майғазиев жұбайымен келді. Продюсер Ерғали Әбдірайымов, Бауыржан Есебаевтар да қонақтар қатарынан орын алды. Жиынға Мақсат Базарбаев, Ренат Баситов, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, «Диета.кз», «Жігіттер» тобының мүшелері түгел қатысты.

Әуелі Құран оқылып, артынша өнерпаздар спорттан бақ сынасты.

Қайрат Нұртас кеудені жерден көтеруде үшінші орын алып, 10 мың теңгені қанжығасына байлады.

bandicam 2017-06-04 23-34-20-811

Той жүргізушісі Төреғали Төреәліні қанша шақырса да, әнші жарысқа шықпады.

bandicam 2017-06-04 23-36-28-789

Ал, Сәкен Майғазиев 24 адам қатысқан спорт түрінен төртінші орыннан көрінді.

bandicam 2017-06-04 23-33-46-908

«Өте тамаша сезімдемін. Енді менімен сынаққа түскендердің барлығы жастар. 24 адамның ішінде төртінші орын иеленудің өзі күш. Мен өзім спортқа жақынмын. Футбол ойнаймын. Бірақ соңғы бір жылда волейбол, баскетболға көңіл бөліп жүрмін», – дейді ол.

bandicam 2017-06-04 23-33-55-819

Бауыржан Есебаев пен Ренат Баситов білектерінің күшін көрсетті. Жас әншіні продюсер жығып алды. Оған да кәсіпкердің өзінің сыйы болды.

bandicam 2017-06-04 23-35-22-459

Гір тасын көтеруден де бәрі жанталасты.

bandicam 2017-06-04 23-36-05-265

Спорттан кейін имам ораза ұстаған жамағаттың діни білімдерін тексерді. «Өнер қырандарының» жігіттері Құрандағы сүрелерді жатқа айтып, кітап ұтып алды.

bandicam 2017-06-04 23-31-55-411

Ерекше стильде ұйымдастырылған ауызашар осылайша той іспетті өтті. Кәсіпкердің көздегені де сол екен.

«Мен қаншама ауызашарларға барып жүрмін. Бірақ биыл ерекше өткізгім келді. 180 адамның басын қостым. Бұл жерде спортты насихаттап, діннен сабақ алу. Әрқайсысына берілген сыйлығым олардың көңілін көтерер деген ой еді», – дейді кәсіпкер Досбол Мәлікомар.

Жіберіп алмаңыз:

Парвиз Назаров тойда ән салғаны үшін 5 мың АҚШ долларын сұрайды

Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті

Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)

Димаш пен Патрисия Каас Астанадағы “Ритц-Карлтон” қонақ үйінің ашылуында ән салды (видео)

Талқылау