Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті

Актер Санжар Мадиев ұшақтағы тәртіпсіз әрекеттерімен танылған Мақсат Үсеновке сес көрсетті. Ол Үсеновті өмірде кездестіретін болса, оны жайдан жай жібермейтінін, жақсылап тұрып сазайын тартқызатынын мәлімдеді.

мадиев усенов

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Үсеновтің ұшақтағы видеосын көрдім. Онда ол темекі де шегіп, жолаушылармен де ұрысып үлгеріпті, стюардессалардың да мазасын алған… Осы жерде адами тұрғыдан өтінішім бар: келесіде оның сазайын беріңіздерші! Оны жай ғана видеоға түсірудің не қажеті бар? Жазасын алмастан саяхаттап жүр. Біресе Дубай, біресе Бангкок… Оны бір күні көретін болсам, ал ол күннің келетініне күмәнім жоқ, ол менен жай құтыла алмайды, маған сеніңіздер!» – деп жазды Мәдиев Facebook-тегі парақшасында.

Есте болса, желіде Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерінің видеосы пайда болды. Алғашқыда қазақстандық азаматты тұтқынға алған Таиланд полициясы кейіннен оны босатты.

Жіберіп алмаңыз:

Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)

Танымал әнге бейнебаян түсірген “Заман” тобы көпшілікті тәнті етті (видео)

Димаш пен Патрисия Каас Астанадағы “Ритц-Карлтон” қонақ үйінің ашылуында ән салды (видео)

Парвиз Назаров сахнадан көрінбей кетуінің себебін ашып айтты

Талқылау