Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Астана әуежайының жаңа терминалы ЭКСПО басталғанға дейін толық іске қосылады.

2391724

Бір екі күн бұрын ашылған Астана әуежайының жаңа терминалына келіп жатқандар ғимараттың жолаушыларды қабылдауына дайын емес екенін атап өтуде, деп хабарлайды Sputnik.

“Елорда әуежайының жаңа терминалы. Ештеңе жұмыс істемейді. Ұшқалы отырған жүздеген адамдар үшін карталар қабылдамайтын жалғыз дәмхана жұмыс істейді. Банкоматтар жоқ, ноутбуктар мен смартфондарды зарядтайтын розеткалар да жоқ. Расында қашан бәрі іске қосылады. ЭКСПО-дан кейін бе?”, — деп жазады Facebook пайдаланушысы Николай Энелане.

Астана әуе жайының баспасөз хатшысы Камила Қасымбекова түсіндіргендей әуежай іске қосылған уақыттан бері жолаушылардың шағымдары болған, алайда кейбір шағымдар негізсіз болып шыққан.

Оның сөзіне қарағанда, адамдар жұмыс істемейтін дәретханаларға шымданған, алайда тексеруден кейін олай емес екені анықталды.  “Қазір банкоматтар жоқ, бірақ ол үшін терминалдар бар, жолаушылар оның қызметтерін пайдалана алады. Ол жағдайлардың әуежай менеджментіне қатысы жоқ. Банкоматтарды банктер өз қалаулары бойынша орнатулары тиіс”, — деп түсіндірді Қасымбекова.

Бұдан бөлек, елорда әуе айлағының баспасөз хатшысының айтуынша, дүкендер мен дәмханалар жаңа терминал аумағында таяуда іске қосылатын болады.  “ЭКСПО басталғанға дейін біз қонақтарды қарсы алуға жүз пайыз дайын боламыз”, — деп сендірді Камилла Қасымбекова.

Талқылау