Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда трамвай рельстерінің орынына ұзындығы 7 шақырымнан асатын веложолдар салынбақ

Алматы қаласында мердігерлер бірнеше жыл бойы қолданылып келген шойын жолдарды жаппай сүріп жатыр.

img_3154_1200

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Кейін, қазылған орынға асфальт төселіп, жан-жағы абаттандырылады. Жүргінші жолдары қалыпқа келтіріледі. Одан қалды, қос қапталына веложолақтар салынады. Тап осындай жұмыстар Шевченко мен Қонаев көшелерінде қатар жасалмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінген. Қарқынды құрылыс алдағы тамыз айында толық аяқталады.

Білек сыбанған құрылысшылар жұмысқа қызу кіріскен. Олар Өтепов көшесіндегі шойын жолдарды жаппай жұлып жатыр. Ұзын-ырғасы 918 метр трамвай рельсі жермен жексен етілмек. Мердігерлер 60-қа жуық адамды осы жұмысқа жұмылдырған. 20 шақты техника тағы бар.

«Жұмысты тамыз айының соңына дейін бітіреміз. Рельстерді алып тастаған соң, тас жол төсейміз. Жан-жағына гранит тастар қойылады. Кейін, маңайды толық көріктендіреміз»,- деді Мердігер компания бригадирі, Рустам Бижан-Оғлы.

Жолдың қос жиегіне салынатын веложолақтардың жалпы ұзындығы 7 жарым шақырымнан асады.

«Магистральді көшелердің қиылыстарында, 18 қиылыста трамвай жолдары алынады. Ол көліктердің жүру қарқынын арттыру үшін жасалады. Бұл жұмыстарды бастау 15-ші маусымға жоспарланған. Ал, барлық жұмыс 25-ші тамызға дейін аяқталуы тиіс»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы, Айдын Тойбазаров.

Алматыда трамвай жолдары алғаш 1937 жылы төселген еді. Қоғамдық көліктің бұл түрі өткен ғасырда сұранысқа ие болған. Алайда, 90-шы жылдар таяғанда олардың бағыттары күрт қысқарады. Ал, 2015 жылы трамвайлардың қатысуымен 2 бірдей ірі жол апаты тіркеледі. Осыдан барып, қала басшылығы олардың жүруіне тыйым салу туралы шешім шығарған.

Оқи отырыңыз:

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды

Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Талқылау