Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Ерке Есмаханның “Қайда?” әнін бүгінде жаттап алмаған жан жоқ шығар?! Көшеге шықсаңыз да, дәмхана-мейрамханаға бас сұқсаңыз да еститініңіз – “Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ”… Елдің бәрі Еркемен қосылып сүйіктісін іздеп кетті. Тіпті, әжелер де…

ак орамалды ажелер еркенін

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жастарды былай қойып, енді самайына ақ түскен ақ орамалды әжелер де Еркенің әнін айта бастады. “Хит” әнді қосыла шырқап отырған әжелер видеосын Ерке желідегі парақшасына жүктеп қойды.

“Осындай әдемі, жүректі елжірететін видео екен! Сіздердің де үйлеріңізде кішкентайларға қосылып үлкендер де осы әнді айтады ма? Жүз жасаңыздар, әжелерім!” – деп пікір білдірді әнші.

Бұл ретте желідегілердің бір бөлігі көңілді әнді жаттап алған әжелерге тәнті болса, ендігілер мұның ерсі көрінетінін айтып, сынап жатыр.

“Әжелердің осындайын көрсем ренжимін, дегенмен аман болсын өздері”, “Енді әжелерге сол өлеңді айту қалды ма? Дәстүрлі әндер айтсаңыздар жарасады”, “Əжелерге халық əндері жарасар еді мына əннен көрі мынау кішкене ерсі екен”, “Ой, әжелер-ай, қартайғанда кімді іздеп жатырсыздар? Отағаларыңыз ренжімей ме?” – деп сынады желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

ҰБТ дауы: Тележүргізуші “Алтын белгі” алған қызының жаңа тізімде шеттетіліп қалғанын айтты (видео)

Әйелімен ажырасқан Алан Черкасов өзін балағаттаған жұртқа бар шындықты айтты

Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі

Гүлзира ханым үйіне келінін адыраспандап, үкі тағып кіргізді (видео)

Талқылау