ҰБТ дауы: Тележүргізуші “Алтын белгі” алған қызының жаңа тізімде шеттетіліп қалғанын айтты (видео)

Сейсенбі, 15 Тамыз , 2017 13:09

Бірнеше күн бұрын танымал тележүргізуші Әсел Акбар тұңғышының мектепті “Алтын белгіге” бітіріп, еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының біріне “Халықаралық экономика” мамандығына грантқа түскенін айтып, елден сүйінші сұраған еді. Алайда, кеше жарияланған жаңа тізімде Әселдің қызы басқа мамандыққа түскен. Тележүргізуші халыққа базынасын айтып, кеңес сұрады.

20766075_1627380780607603_7016992657670930432_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әселдің айтуынша, оның қызы ҰБТ-дан 117 ұпай жинап, “Алтын белгісін” ақтаған. Содан кейін өзі қалаған факультетке оқуға түскен (алғашқы тізім бойынша). Алайда жаңа тізімде Аружан (Әселдің қызы) басқа мамандық тізімінен шыққан. Ол енді “туризм” мамандығында оқитын болады.

Бұл ретте Әсел Ақбар оқуға түсе алмай қалған ата-аналардың шағымын түсінетінін, алайда 11 жыл бойы үздік оқыған өз қызының еш кінәсіз екенін айтып, елге наразылығын жеткізді.

“Менің қызым грантқа түсті. Бірақ енді өзі қалаған мамандыққа емес. Енді біз “халықаралық экономикаға” емес “туризмге” түсіп тұрмыз. Онда несіне балалар 11 жыл бойы үздік оқып, “Алтын белгі” иегері атануға тырысады? Не үшін? Кейіннен оларды осылай лақтырап тастауы үшін бе? Мен не болып жатқанын мүлдем түсінер емеспін. Әлде о бастан жүйе дұрыс құрылмаған ба?

Мен “тәуба, балам “туризмге” оқуға түсті деуім керек шығар, иә? Осыған алғыс айтуым керек пе? Бірақ сонда да ішімде бір өкініш бар”, – дейді Әсел Ақбар.

“Басқа балаларыма енді не айтуым керек? Жақсы оқымай-ақ қойыңдар, “Алтын белгіге” талпынбай-ақ қойыңдар деуім керек пе? Әлде не айтамын? Егер бірдеңені түсінбей жатсам, маған түсіндіріп жіберіңіздерші”, – деп өтініш айтты Әсел оқырмандарына.

Жіберіп алмаңыз:

 ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Министрлік аз ұпай жинаған «Алтын белгі» иегерлері оқыған мектептерді тексереді

Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі

Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Министрліктен не үшін осындай

  • Anonymous says:

    Сиз ата-анасыз жагдайыныз тусиникти. Баланыз айтеуир окуга тусти деп таубе кылудын кереги жок, керисинше не ушин калаган окуына тусе алмады деп аппеляцияга беру керек шыгар деп ойлаймын. Окып-окып келип, мундай жагдайдын болуы баланын сагын сындыру деп билемин. Билим министрлигине хат жазып билгениниз жон сиякты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар