"Еркектің киімін кимеген": Асанәлі Әшімовтің костюм шалбарын киген қыздар сынға қалды
Фото: Видеодан скриншот
КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің киімін киген актрисалар қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеоға сүйенсек, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актрисалары актердің үйінде қонақ болған.
“Қайырлы күн, достар! Кеше Ажарлым досым екеумізге 88-жасқа толған Асанәлі ағам сыйлық ретінде костюмін сыйлады. Қазақстанда ағаның костюмін сыйға алған тұңғыш қыздар Ажарлым екеуміз шығар. Ағаның жасына жетейік. Бұл қазақтың әдемі ырымы ғой. Ағаға ұзақ ғұмыр тілеймін! Аман жүріңіздер. Ұрпақ қызығын тең көріңіздер. Біз Сіздерді жақсы көреміз", — деп жазды актриса Салтанат Мақсот.
-
"Сол түн мені есейтті": Асанәлі Әшімов балалық шағынан сыр шертті
-
"Нұрғиса музыканы жалаңаш отырып жазып шықты": Актер Асанәлі Әшімов "Қыз Жібек" фильмінің сәтті шығуы Нұрғиса Тілендиевтің арқасы екенін айтты
Желі қолданушылары ер адамның киімін киген актрисаларды сынға алды. Бірі құттықтап актердің киімі жараса кеткенін айтса, енді бірі еркектің киімін әйелге киюге болмайтынын айтты.
"Біз қазақ деген ұлт емеспіз бе? Ата салтымыз бойынша әйел адам еркектің киімін кимейді ғой? Оның ішінде шалбар кию деген жат қылық. Қашан қазаққа айналамыз", "Негізі ер жігітке береді", "Әйел адам ер адамның киімін кимейді. Еркектің өз қасиеті бар, обал емес пе", "Қыз балаға ер адамның киімін кигізуге болмайтыны шариғатта айтылған", – деп жазды олар.

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен қаржы алу кезінде тап болған қиындығын айтты
