Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркебұлан Дайыров: Қазақ — батырдың ұрпағы. Мұны ешкім бөркімен де, бөксесімен де баса алмайды

Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров голливудты қалай бағындыруға болатынын айтты. Осы орайда, ол біреудің жүріп өткен жолын қайталамауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Еркебұлан ДайыровСурет: instagram.com/erkebulan_dairov/?hl=ru

«Оларды өзінің жүріп өткен жолымен таңғалдыра алмаймыз. Біз өзіміздің салт-дәстүр, бүркітші, ұлы даланың тарихы арқылы ғана таңғалдыра аламыз. Бізде батырлар шынайы өмірде болған. Біз – соның ұрпақтарымыз. Мұны ешкім бөркімен де, бөксесімен де баса алмайды», - дейді актер. 

Әрі қарай Еркебұлан Дайыров көршілес елдерді таңғалдыру қазақ баласы үшін аса үлкен жетістік емес екенін айтты. 

«Ресейді таңғалдыру – үлкен жетістік деп ойламаймын. Үлкен жетістік – ол мұхиттың ар жағына асу, алты құрлықты бағындыру. Ол үшін не істеу керек? Мүмкін оған біздің қолымыз жетпейтін шығар. Бірақ бізден кейінгі өскелең ұрпақ соған жетсе екен деген ниетіміз бар», - дейді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Еркебұлан Дайыров қыз баланы ерекше құрметтейтінін айтқан еді. Айтуынша, қартайғанда әке-шешені қыз бала бағады. Сондай-ақ, жуырда оның келіншегі қызы бала босанды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Қыркүйек, 2019 10:24
Талқылау