"Бұл жайлы айту өте ауыр". Еріктілер көз жұмған балаларды іздестіру шаралары қалай жүргізілгенін айтты
Алматыда мектепке бара жатып, із-түссіз жоғалып кеткен оқушылардың іздестіру жұмыстарын LIDER.KZ еріктілер қозғалысы жүргізген болатын. Іздестіру қалай жүргізілді, оған кімдер қатысты, жалпы ұйымға кімдер мүше бола алатыны жайлы ұйымның Алматы және Алматы облысындағы координаторы Блиц Дильмирамен сөйлестік.
- Балаларды іздестіру жұмыстары қалай жүргізілді?
- Бұл жайлы айту өте ауыр. Ешкім бізді қолдап, көмек көрсеткен жоқ. Алайда ІІД-мен тығыз қарым-қатынастамыз. Осы жолы іздеуге өзіміз шықтық. Ақпарат жинап, бағыттама мен жоғалған балалар жайлы мәлеметтерді алып іздеуге шықтық. Сол күні түнгі 2-де еріктілер тобы балалардың денесін тауып алды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция іздестіруге қатысты ма, жоқ па, қазір сұрастырып жатырмыз.
Балалардың денесін тобымыздағы Леша есімді ерікті жігіт және балалардың бірінің әкесі тапты.
- Ұйым кімнің есебінен жұмыс істейді? Мемлекет тарапынан, демеушілерден қолдау бар ма?
- Көшбасшылар қозғалысы қазіргі уақытта еріктілердің өз қаражаты есебінен өмір сүріп жатыр. Мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болған емес. Тек осы жылы ғана мемлекет “Еріктілер жылы” болғандықтан көмек көрсетілді. Демеуші болатын компания да жоқтың қасы.
- Бұл ұйымның жұмыс істеп жатқанына қанша уақыт болды?
- LIDER.KZ бренді негізінде бір жылдан аса жұмыс істеп жатырмыз. Осыған дейін компания “Рина.кз” деген атаумен шығып жүрген. Кез келген адам жоғалу фактісі - бұл трагедия, өте ауыр жағдай. Қайғылы жағдайлар көп болады. Соның ішінде бағыттамада “өлі табылды” деген жазуы бар қара жолақпен бітетін жағдайлар аса ауыр, ондайда көну қиын.
- Еріктілерді қалай табасыздар және командағы көбіне қандай адамдар келеді?
- Біреулер адам іздеуге көмекке келеді де, кейін команда да қалып қояды. Біреулерге біз көмектесеміз, енді біреулер бізге көмекке келеді. Еріктілер болатындар көбіне басқа адамның қайғысына жәйбарақат қарай алмайтындар. Көп адам келіп, көмек көрсетуге ниетті, өзін осы істе көргісі келеді, талпынады. Алайда солардың біразы қалай үндемей келсе, солай үнсіз кетіп жатады. Олардың ішінде шын жан дүниесімен байланатындар бар, олардың топтан кетіп қалуы екі талай.
- Еріктілерге мемелкет ақша төлейді деген хабарландыру айтылды, сол рас па?
- Шыны керек, бізге мемлекет еріктілерге ақша бөледі деген мәлімет жаңалық болып тұр. Мүмкін біздің ретіміз әлі келмеген шығар? Қалай болғанда да қазір біз тегін жұмыс істейміз.
- Ерікті болу үшін қандай талаптар қойылады?
Талаптар бар, 25 жастан асқан адам ғана еріктілер тобына қосыла алады. Содан соң мықты денсаулық керек. Адам іздеуге шыққанда денсаулығың мықты болу керек, себебі іздестіру жұмыстары немен аяқталатынын білмейсің. Психика да мықты болуы қажет. Сондай-ақ, команда да ұйымшыл болып, топтық жұмысқа қабілеті болған дұрыс. Іздестіру тобының жетекшісі немесе координаторына қалтқысыз бағыну керек.
- Жастар еріктілер ісінде қаншалықты белсенді?
Командадағы адамдардың орташа жасы 33-тен жоғары. Бірақ егер адамдарға ТЕГІН көмектесуге деген ынта мен құлшыныс болса жас ерекшелігі маңызды емес.
Айта кетейік, балалардың денесі жағадан 5 метр жерден табылған. Мұз жұқа болғандықтан үстіне сырғанауға шыққанда ойылып кетуі мүмкін.
Қалдық су жиналатын орын Теректі елдімекенін бір шақырым жерде орналасқан. Әзірге балалар өлімінің себебі белгілі болған жоқ.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
