Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіл жүрістілерден аутизм балалар туатынын айтқан қазақстандық блогер айыппұл арқалады

Жеңіл жүрістілерден ауру бала туады деген блогердің бас дауға қалды

Фото: Видео кадрларынан

Астанада бұрын ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы даулы видео жариялаған блогерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды. Оған даулы пікір айтқаны үшін 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сотта блогер кінәсінің бір бөлігін мойындады: әдепсіз сөздер қолданғанын растады. Бірақ балаларды қорлауға ниеті жоқ екенін айтты.

Сот істі әкімшілік кодекстің 434-бабы 1-бөлімі (шағын бұзақылық) бойынша қарастырды. Онда 20 АЕК көлемінде айыппұл салуға, немесе 20–60 сағат қоғамдық жұмысқа, немесе 5–15 күнге әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Дегенмен, сот атап өткендей, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды.



“Блогердің 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені расталды. Ауырлататын жайттар анықталған жоқ. Сот кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуді жеңілдететін жағдай деп танып, құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, блогерге 20 АЕК көлемінде (78 640 теңге) айыппұл салды”, – делінген хабарламада. 

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, жеңіл жүрістілерден ауру бала туады деген қазақстандық блогердің басы дауға қалған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 17:43