Алматыда тағы бір жас қыз 12-қабаттан секіріп кетті
Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті М. Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап, 12-қабаттан секірген еді.
Бұған дейін "Жетісу" ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн