Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Мәскеуге барып Путинмен жеке кездеспек

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен кездесу үшін Ресейге бармақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия президентінің бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч Украинаға барады. Ал Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Киевке де, Мәскеуге де бармақ. Кездесудің нақты күні әлі жарияланған жоқ. Ердоғанның Ресейге жасайтын іссапарының басты мақсаты астық келісімін ұзарту. Дегенмен, қазірдің өзінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

"Ердоған қандай да бір жолмен келісім нүктесін табуға болады деп санайды" - деді Түркиялық баспасөз.

Ресей келісімді тоқтатқаннан кейін Украина балама жолдар табу үшін түрлі әрекеттер жасады. Румынияның Констанца портынан астық жөнелту осы бастамалардың біріншісі. Алайда Түркия Ресейді есепке алмаған жоспар өміршең емес екенін жеткізді.

Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен бетпе-бет кездесуін қыркүйекке жоспарлап отыр. 

Талқылау