Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі қызметінен босатылды
Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы департамент басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2022 жылы 26 қаңтарда Назарбаев Е. Агенттік төрағасының бұйрығымен арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
2022 жылы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен жұмыстан шығарылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлердің терезесі қараңғыланған көлікті тоқтатқан видео тараған еді. Автор көліктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиесілі екенін жазған.
Айта кетейік, Алматы облысының полиция департаменті Болат Назарбаевтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды деген желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”