Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Ербол Хамитов Фото:ҰПК

Қазақстандық пара биатлоншы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу жарысында финалға жолдама алған еді. Ол ақтық сайыста топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз шешуші сайыста 9:39.0 уақыт көрсетіп, бір мәрте мүлт кеткеніне қарамастан мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлде украиналық Тарас Радьқа бұйырса, қола медальді Қытай елінің өкілі Лю Цзысю еншіледі.

28 жастағы Ербол Хамитов бұған дейін 1500 қашықтықта қола жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, Ербол Хамитов – 2025 жылғы әлем чемпионы. Ол 2023 жылы екі рет қола жүлдеге қол жеткізген.

Аталмыш додада Қазақстан атынан үш спортшы сынға түскен еді. Олардың қатарында Ербол Хамитовтен бөлек Сергей Усольцев пен Юрий Березин де болды. Қос спортшы жүлдеге іліне алмады.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 13 Наурыз, 2026 17:07