Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам үш жыл бойы өлген ағасының мәйітін үйінде сақтап келген

Полиция 2015 жылы қайтыс болған ер адамның мәйітін тауып алды. Қазірге дейін қайтыс болған адамның жанында бауыры тұрып келген. Ол өлген бауырының денесін көрпемен жауып қойған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, life.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Ливерпульде болды.  Дональд Поллард полиция келгенде інісінің өлгенін және екінші қабатта жатқанын айтқан.

The Mirror-дың жазуынша Донольд 4 ұл, 1 қыздың ішінде ең жаманы болған. Ата-аналары қайтыс болғанда бауырлары көшіп кеткен. Дональдқа мүгедек ағасы Стивенді бағуына тура келген. Жігіт ағасын өлгеннен кейін де жібергісі келмеген.

Ер адам өлген адамның мәйітін жерлемей, сақтап, оған берілетін жәрдемақысын алып келгені үшін айыпталды.

“Мен Стивеннің жанымда болғанын қаладым”, – деді Дональд Поллард сот алдында.

Сот Дональд Поллардтан алаяқтық деректерін анықтай алмады. Себебі ол өлген ағасының мемлекет берген жәрдемақсын пайдаланбаған.

Бәрі-бір де жігіт өлген адамның мәйітін сақтағаны үшін 18 айға қамалды. Сонымен қатар 20 күн психологиялық оңалту орталығында емделеді.

Тағы оқыңыз:

Кемероводағы өрт: «Зимняя вишня» сауда орталығының бас директоры ұсталды

Кемероводағы өртте жоғалған үш адам аман-есен табылды

Басы жоқ болса да өмір сүруге құштар тауық тірі жүр

АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері мен миллионердің қызы ата-ана атанбақшы

Наоми Кэмпбелл өте жіңішке мұрны үшін күлкіге қалды

Талқылау