Ер адам тастап кеткен әйелін қайтара алмаған сиқыршыны өлтірді
Үндістанның Джаджпур қаласына жақын орналасқан Одиша (Орисса) ауылының тұрғыны кетіп қалған әйелін қайтару рәсімін сәтсіз аяқтағаны үшін тантрик сиқыршыны өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Times Now News порталына сілтеме жасап.
Әйелі жанжалдан кейін Сантану Бахерды тастап, бір ай бойы одан бөлек тұрған. Көршілерінің кеңесі бойынша ер адам тантрика Мания Бабардың қызметіне жүгінуді шешкен. Осылайша ол әйелді бақсылық көмегімен үйіне қайтаруды көздеген.
Бабар ауыл маңындағы лагерьде аралаушы ұсталармен бірге тұрған. Қиындыққа ұшыраған күйеуінен екі мың рупий алып, тиісті ырымдарын жасаған.
Сиқыр іске аспай қалған соң, Бабар өзіне арызданып мазасын алғаны үшін Бахерден одан да көп ақша талап еткен. Ашуланған Бахер тантрикті балтамен ұрып өлтірді. Кейін ол өзі полицияға барған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн