Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам педофилден 10 жасар баланы құтқарып қалғаны үшін түрмеге жабылмақ

Уфада ер адам 10 жасар балаларды педофилден құтқарғаны үшін тергеу изоляторында отыр. Ол соттың бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешімін күтуде.

Ер адам педофилден 10 жасар баланы құтқарып қалғанын үшін түрмеге жабылмақ

Ол ауыр қылмыс жасалды - өлімге алып келетін ауыр дене жарақатын келтірді деп айыпталды, бірақ ер адамның туыстары мен достары оның ерлік жасап, баланы бұзақының шабуылынан сақтап қалды деп отыр.

30 қаңтар күні Владимир үйге түстен кейін қайтып келе жатады. Аялдамада оған 10 жасар бала жүгіріп келіп, көз жасын тыя алмай көмек сұрайды. Ол досын әлдекімнің зорлағысы келіп жатқанын айтады.

Бала өзінің досымен бірге көшеде қар ойнап, жылыну үшін подъезге кіргенін айтты. Сол жерде таныс емес біреу оларға жақындап, подъезде не істеп жатқандарын сұрады, содан кейін ол балаларды үйіне кәмпитпен шай ішуге шақырады. Сонымен қатар «қызықты бір нәрсе» көрсетуге уәде берді.

Балалар келісіп пәтерге кіреді, бірақ олар пәтерге кіре салысымен, ер адам оларды шешінуге бұйырады және жыныс мүшелерін көрсетуді талап етеді. Жігіттер қорқып, қашпақ болғанымен бейтаныс адам оларға айтылған нәрсені орындамаса, балтамен ұратынын айтып қорқытады. Бір бала қашып кетіп, көшеге жүгіре жөнеледі. Ол жерде Владимирмен кездесіп, көмек сұраған еді », - дейді айыпталушының досы Роман.

Романның сөзіне қарағанда, Владимир сол апатқа ұшыраған пәтерге дереу жүгіріп барып, есікті қаға бастайды. Есікті ер адам ашты, екінші бала кіреберісте жылап тұрды. Ашуланған Владимир үй иесін көшеге шығарып, не болғанын сұрай бастады.  Осы кезде екеуі төбелесіп кетті.

"Менің досым оны қатты соққыға жықты. Ол құлап, басын ұрған. Владимир бірден жедел жәрдем мен полиция шақырды. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Менің досымды полиция бөлімшесіне алып келді, қазір оған «жәбірленушінің өліміне алып келген ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша айып тағылды", - дейді Роман.

Адвокат айыптаудың ауыр екенін, тіпті шартты түрде үкім шығарылған кезде де түрмеге отырмауы мүмкін еместігін айтты. Тіпті сол жігіттің әпкесі Владимирге қарсы шағымы жоқ екенін бірден айтқан.

Сондай-ақ, досы айыпталушының адвокаты келтірген деректерге сүйене отырып, қаза тапқан 53 жастағы Владимир Зайцев түрмеден тек 2019 жылдың жазында шыққанын, ол жерде бала зорлағаны үшін 11 жыл отырғанын айтады. Ер адам пәтерінде жалғыз тұратын, оның жақын туыстары жоқ, полиция келіп үнемі тіркеліп тұратын.

"Біз көршісімен сөйлескен едік, ол Владимирдің балаларды қалай әкелгенін терезеден көргенін растады. Балалар шыныменоқиғаның қалай болғанын айтты. Менің досым балаларды педофилден құтқарғаны белгілі болды, бірақ бұл факт сот шешімін қабылдаған кезде жеңілдететін жағдай ғана болады. Владимир - үлгілі отбасы адамы, өзінің балалары бар. Әйелі әлі болған жағдайға сене алмай, қатты жылап отыр. Адвокаттың айтуынша, Владимир кез келген жағдайда жоқ дегенде бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Біз бұған ашуланамыз: иә, Владимирге төбелесудің қажеті жоқ еді, полиция келгенге дейін бұзақыны ұстап отыруы керек еді, бірақ оның балаға жасалған әрекеті туралы естігенде не сезінгенін елестетіп көріңіз! Енді біз осы оқиғаға қоғамның назарын аударғымыз келеді, өйткені біз ерлік жасаған адамымызды құтқарғымыз келеді", - деді досы.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Олар сынақ нәтижелерін қорқынышпен күтуде": Жапониядан келген "Кешью" тобының директоры карантинге жабылды

"Кешью" тобының директоры Назым Басқынбаева карантинге жабылды

ДДСҰ-да коронавирусқа бейім жас туралы мәлімдеді

Коронавирусқа барлық жастағы адам бейім деген қорытынды жасалды

Тарихта бірінші рет тірі донордан қолдың буынын трансплантациялады

Вьетнам астанасы Ханойда тірі донордан қол буынын трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы ота өтті

Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сегіз сынақтың нәтижесі теріс болып шығыпты

Коронавирус бір күнде әлемдегі ең бай адамдарды 139 миллиард доллардан айырды

Коронавирус әлемнің бай адамдарын да бей-жәй қалдырмады

Неліктен «коронавирустық круиздің» жолаушылары әдеттегі бортпен Жапониядан ұшып келді

Нұр-Сұлтанға тұрақты рейспен "коронавирустық круиздің" жолаушылары келді

Қазақстанда бес жұлдызды all inclusive қонақ үйі ашылмақ

Орталық Азиядағы ең ірі қонақ үй Ақтауда салынып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкер жалғызбасты анаға үй тұрғызып берді

Облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ

Қырғызстандық бойжеткен Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты дискриминация туралы айтып берді

Италияда оқып жүрген Айчурок Сейитбекова коронавирус індетіне байланысты Еуропада болып жатқан жағдайлар жайлы баяндады

Қарызы болғандықтан әскерге бармайды: Қазақстанда сарбаздардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Бүгінгі күні әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасының төлеуіне тура келеді
Çàãðóçêà...