Ер адам пандемия кезінде көмек есебінде бөлінген ақшаға Lamborghini көлігін сатып алған
АҚШ-тың Флорида штаты Майами тұрғынына алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол коронавирустық пандемия жағдайында кәсіпкерлерге көмектесу үшін бағдарлама аясында оған бөлінген ақшаға спорттық автокөлік сатып алған.
Ер адамның оған пандемия жағдайында мемлекеттен 13,5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек бөлу туралы өтініш жібергені анықталды. Банк өтінішті қарастырғаннан кейін америкалық азаматқа шамамен төрт миллион еуро көлемінде несие берді. Бұл қаражат қызметкерлерге жалақы төлеуге кететінін растайтын құжаттар болған жағдайда қайтарылуы мүмкін емес екендігі айтылды.
Алайда ақша ер адамның шотына түскеннен бірнеше күн өткен соң, ол жаңа 2020 Lamborghini Huracan көлігін сатып алды. Көліктің құны 300 мың доллардан асады деп хабарланған.
Федералды прокуратура кәсіпкерді банктік алаяқтық жасады деп айыптады. Көлік және кәсіпкердің есепшотында қалған, яғни шамамен 3,5 миллион ақшасы тәркіленді.
Енді америкалық азамат 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе миллион долларға дейін айыппұл төлейді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
