Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам лотереяға қатысып, миллионер атанғанын ұтыс ойынынан бір ай өткен соң білді

АҚШ-тың Юта штатының тұрғыны лотереядан джекпот ұтып, миллионер атанғанын ұтыс ойынынан бір ай өткен соң білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дж.Рефуджио Гонсалес Альмейда лотереяның тұрақты қатысушысы. Лотореяға қатысып бас жүлдені ұта алмаған ер адам келесі күні дүкеннен көп билет сатып алады.

"Лотерея – менің хоббиім. Жұма күні ұта алмаған соң, келесі күнге билет алу керек деп шештім. Сөйтіп, сенбі күні дүкенге келіп, әр түрінен бір-бір билеттен сатып алдым",  – деді Альмейда.

Америкалық жеребе нәтижесін бір айдан кейін тексерген. Оның бірі оған екі доллар, екіншісі сегіз доллар сыйақы әкелген. Содан кейін сатушы тағы бір билетті сканерлеп, ер адамға лотереяның бас кеңсесіне хабарласу керектігін айтқан.

Ер адамның билетіндегі сандар алғашқы бес нөмірге сәйкес келіп, ол үш миллион доллар ұтып алады. Жеңімпаз банктегі депозит шотына ақша салуды жоспарлап отырғанын айтты.

Талқылау