Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін екі жыл үйінде көрпенің астында сақтап келген
Фото: Мetro.co.uk
Англияда ер адам бұрынғы сүйіктісінің денесін үйінде екі жылдан астам уақыт сақтап келген. Ол ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мetro.co.uk басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылдың басында 51 жастағы Джейми Стивенс пәтерінде қайтыс болған 36 жастағы Анушка Сайтстың денесін көрпемен жауып, жасырып қойған.
Эксетердің корольдік сотында өткен сот процесі барысында оның полицияға жалған мәлімет бергені анықталды. Полиция марқұмды іздеп келгенде, ол Анушканы бірнеше ай бойы көрмегенін айтып, жалған жауап берген. Анушканың жоғалып кеткені биыл 10 сәуірде белгілі болды. Тергеудің кеш басталғанына да осы себеп болды.
Полиция қайта-қайта жауап алуға келгенде күдікті Анушканың қайда кеткенінен хабары жоғын айтып келген. Тек 27 мамыр күні полиция пәтерге басып кіргенде, ішінен Анушканың денесін тапқан.
Стивенс қамауға алынып, 2023 жылы қаңтарда бірге бір түн өткізгеннен кейін оның қайтыс болғанын мойындады. Ол әйелдің үстіне көрпе жауып, сол күйі қалдырған.
“Не істеу керегін білдім, бірақ не себепті жедел жәрдем шақырмағанымды түсінбеймін”, – деді Стивенс полицияға берген жауабында.
Анушканың өлімі күдікті жағдай ретінде қарастырылып жатқан жоқ.
“Стивенс Анушка қайтыс болғаннан кейін оны лайықты әрі заңды түрде жерлемеді. Мен Анушканың отбасымен және достарымен біргемін. Енді олар оны жерлей алады”, – дейді Полиция инспекторы Джинн Хеллиер.
11 тамыз күні Эксетердің Корольдік сотында Джейми Стивенс мәйітті заңды түрде жерлеуге кедергі келтіргені үшін 14 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ әділ сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін қосымша сегіз айға сотталды.

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
