Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам әйелінің бүйрегін өзіне білдірместен сатып жіберген

Ер адам әйелінің артынан келген жүкке көңілі толмай, оның бүйрегін өзіне айтпастан сатып жіберген. Мұны кейін білген әйел күйеуін сотқа берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, Hindustan Times-қа сілтеме жасап.

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында ағайынды екі жігіт алаяқтық жолмен бүйрек сатқаны үшін тұтқындалды.

28 жастағы Рита Саркардың осыдан екі жыл бұрын іші ауырған.

«Күйеуім Калькуттадағы жеке меншік емханаға апарды. Дәрігер ота жасап, соқыршекті алып тастағаннан кейін бәрі жақсы болатынын айтты. Бірақ отадан кейін де ішімнің ауырғаны баслмай, одан сайын қатты ауыра бастады», – дейді ол.

Күйеуі әйеліне бұл ота туралы біреуге айтуға, тіпті, дәрігерге қайта көрінуіне тыйым салған. 3 айдан кейін әйелді өзінің туыстары емханға апарды. Осыдан кейін дәрігер Ританың оң жақ бүйрегі жоқ екенін байқаған.

«Күйеуімнің ешкімге айтпа деу себебін түсіндім. Ол менің бүйрегімді сатқан. Себебі менің туыстарым оның талаптарын қанағаттандырмайтын», – дейді әйел.

Рита күйеуінің, оның ағасының және анасының үстінен шағым түсіреді. Күйеуін 5 ақпанда тұтқындады. Тергеу барысында олар бүйректің  Чхаттисгархтағы кәсіпкерге сатылғанын  мойындады.

Олардың некелескеніне 12 жыл болғаан сондаа да күйеуінің туыстары әйелдің артынан келген зғантаай мүлік үшін оны қорлап келген.

Тағы оқыңыз:

Балабақша тәрбиешілері балалар қасының ортасындағы түкті жұлып тастаған

11 жастағы бала досын мұздан құтқарып өзі ажал құшты

Зымыранның ұшқанын бақылап тұрған өзгепланеталықтар видеоға түсіп қалды (видео)

17 жасында бір бірін ұнатқан қыз бен жігіт 90 жасында үйленгелі жатыр (фото)

Талқылау