Енесін өлтіріп сотталған: Әкімдіктегілер үш күн бойы көшеде түнеген әйелдің тағдырын баяндады
Қарағанды облысы, Абай ауданында көшеден табылған қарт әйел бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Әсем Жүнісбекова айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ҚазАқпаратқа сілтеп хабарлайды.
«Сауалнама жүргіздік. Әйелдің үш тәулік бойы көшеде жатқаны шындыққа жанаспайды. Учаскелік полиция мен ПИК (КСК) әйелдің тұрғын үй аумағында 19 сәуір күні пайда болғанын жазбаша түрде растады», – дейді әкім орынбасары.
Айтуынша, 1966 жылы туған Светлана есімді әйел ұзақ жылдардан бері теріс өмір салтын ұстанып келеді. Ішімдік ішеді, ресми түрде жұмысқа тұрмаған. Бұған дейін күйеуімен және оның ашынасымен бірге тұрып келген.
«Әкесі мен 1987, 1988 жылы туған екі қызы бар. Алайда туыстары Светланадан баяғыда бас тартқан. Ол енесін өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, бірақ шартты түрде босатылған», – дейді Жүнісбекова.
Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша, әйелдің ишемиялық жүрек ауруына шалдыққаны анықталған. Сондай-ақ, аяғы жартылай үсіп қалған.
Оңалту орталығында емделіп болған соң, үйсіз әйелдің алдағы тағдыры анықталады.
Абай қаласының әкімдігі мен полициясы әйелді күштеп оңалту орталығына алып барған.
«Қазір учаскелік полицейлер әйелдің не себепті далада қалғанын анықтап жатыр», – дейді ІІД өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абайда жүре алмайтын әйелдің үш тәулік бойы көшеде отырғаны туралы ақпарат пайда болды.
Тағы оқыңыз:
Аңқау елге арамза молда: Алматы облысында имам сотталды
Қайда баратынын айтпаған: Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті
Алдап тұрсыз: Қарағанды дәрігерлері ұлының емі үшін көмек сұраған ананың өзін кінәлады
Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты