Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдап тұрсыз: Қарағанды дәрігерлері ұлының емі үшін көмек сұраған ананың өзін кінәлады

Үш жасар ұлын емдеу үшін көмек сұраған қарағандылық көпбалалы ана диагност дәрігердің үн қатуын сұрап отыр. Оның айтуынша, алты ай бойы үш жасар ұлы белгісіз аурудан зардап шегеді. Баланың ағзасы дәрумендер мен микроэлементтерді сіңірмейді, содан қатты әлсіреп кеткен. Ал еріктілер болса көмек сұраған отбасына көмектесуге дайын екендерін айтты. Алайда, олар диагнозсыз қандай емге қаражат жинау керектігін білмейді.

Алдап тұрсыз: Қарағандыда дәрігерлер үш жасар ұлын емдеу үшін көмек сұраған ананың өзін кінәлады

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Үш жасар Руслан екі ай бұрын мүлдем жүре алмай қалған. Ол қазірдің өзінде анасының қолынан түспейді.

«Бес минут жатқаннан кейін, ауырды деп жылайды. Аунап қайта жатса, ауырғанын айтып жылай бастайды»,-дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Екатерина Мелехова.

Русланның денсаулы бір жарым жасынан бастап нашарлаған. Ол бүкіл денесінің ауыратынын айтып, жылаған екен. Екатеринаның айтуынша, баласын тегін және ақылы ауруханардың бәріне барып, дәрігерлерге көрсеткен. Баланың денсаулығына қатысты диагноздарды үйіп тастаған дәрігерлер, сәбидің немен ауыратыны туралы нақты ештеңе айтпаған.

«Меңгерушіге келіп ұлым мүлде жүре алмайды, бірдеңе істеңіздерші дедім. Ол болса: Сіз өтірік алдап тұрсыз, жәй ғана балаға қашан мүгедектік жазып береді деп күтіп жүрсіз дейді»,- деп шағымданды баланың анасы.

Екатеринаның айтуынша, баланың ағзасы тағамдағы дәрумендер мен минералдарды сіңірмейді. Осының барлығы денеге әсер етеді. Дегенмен, нақты диагнозсыз балаға ешқандай дәрі немесе процедура тағайындалмайды. Бүгінде ұлының емі үшін көмек сұраған Екатерина Мелехованың Русланнан басқа тағы алты баласы бар. Сондай-ақ, көпбалалы ана оларды жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Алты ай бұрын Руслан жүре алмай қалған соң, ол жұмысынан шығуға мәжбүр болды.

«Біз де көмектесуге дайынбыз. Бірақ өздігімен емдеумен айналыспау ішін, қандай дәрі-дәрмек керек екенін білуіміз қажет»,-дейді Виктория Полякова.

Кейін Екатеринаның үйіне барған дәрігерлер үш жасар балаға-рахит деген диагноз қойған екен.

«Анасының өзі кінәлі. Ол балаға «Д» дәруменін бермеген. Отбасының мәселесі медициналық емес, әлеуметтік мұқтаждық»,-дейді дәрігерлер.

«Баланы дұрыс тамақтандыру керек. Барлық мәселелер жеткіліксіз, дұрыс тамақтанбағаннан болады. Қазір жеті баланың екеуі біздің санаторийде, енді тағы біреуі жіберіледі. Кішкентай бала дұрыс тамақтану үшін оны бала үйіне жіберуді ұсындық, бірақ анасы бас тартты»,-дейді Қарағанды ​​қаласы  №1 ауруханасының директор орынбасары Радмила Габдакипова.

Дәрігерлер өздері қойған диагнозға сенімді және баланың еміне дауа барына кепілдік береді. Қазірге олар Русланды педиатриялық гастроэнтерология бөліміне жатқызуға шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: 

18 жасында алғашқы миллионын тапқан қазақ жігіті туралы не білеміз

Шығыс Қазақстанда жол бойында жүрген аюдың видеосы тарады

Ақтауда 37 жыл бұрын жерленген марқұмның орнына жақында қайтыс болған адамды көмген

Назарбаев пен Путин келеді дегенді естіген петропавлдық шенеуніктер жол бойындағы ауылдарды қоршап жатыр

Талқылау