AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енем "ол еркек болған соң ұрады" дейтін: Нұр-Сұлтанда лифтіде күйеуі оңдырмай соққыға жыққан әйел алты айдан бері әділдік іздеп жүр      

Нұр-Сұлтандағы лифтілердің бірінде күйеуі әйелін соққының астына алып жатқаны түсірілген видео көпшіліктің ашуын тудырған еді. Алайда оқиғаның болғанына алты ай өтсе де жолдасынан оңбай таяқ жеген Аружан Байметова әділдікке қол жеткізе алмай жүр. Айтуынша, дәлелдемелер мен медициналық сараптама қорытындылары бола тұра Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция қызметкерлері істі әлі күнге дейін сотқа жолдамай отыр екен. Stan.kz жәбірленушіден оқиғаның мән-жайын сұрап білді. 

  Енем “отбасы болған соң, еркек болған соң ұрады” дейтін                     

Күйеуге шыға сала жарынан зәбір көрген Аружан Байметова алғашқыда жолдасының мұндай ерсі қылықтары болмағанын айтады. 

“Үйіндегілердің үйлен деп асықтырып жатқанын айтып, 2018 жылы отау құрдық. Қазан айынан бастап отбасылық кикілжіңдер орын алып, оның оғаш әдеттерін, әдепсіздігін байқай бастадым. Сол кезде маған қол көтеруді әдетке айналдырды”, – деп еске алады Аружан. 

Айтуынша, бастапқыда күйеуінің ұрып-соғатынын біреуге айтуға қатты қорыққан. Ақырында төзімі таусылған соң бар жағдайды енесіне баяндауға шешім қабылдайды.

“Менің жанымды түсінеді ғой деген оймен енеме бәрін жайып салдым. Сол сәтте бас сүйегім сынуға шақ қалып, қатты таяқ жеген болатынмын. “Кетейін бе, не істейін? Үсті-басым көк-ала қойдай болып көгеріп, сүйектерім де жансызданып кетті” деп жыладым. Бірақ енем еш ойланбастан: "Отбасылық өмір деген сондай болады. Шыдау керексің! Шыдасаң, бәрі дұрыс болады. Менің туған қызым, сенің қайын сіңлің – Еркесұлу да қазір таяқ жеп, қорлық көріп жүр. Өз отбасын сақтап қалу үшін бәріне төзіп, тіс жармайды. Сондықтан сен де балаларың үшін бәріне көнесің" деп айтатын еді”, – дейді Байметова. 

Айта кетсек, болған оқиғадан кейін Аружанның енесі Гүлайым Шұңғараеваның Шымкенттегі отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы екені белгілі болған еді. Кейіннен ол журналистерге келінінің мұндай қорлық көріп жүргенінен бейхабар екенін айтып, ақталған болатын. Алайда Аружан енесі: "Шыдайсың! Отбасында еркек болған соң ұрады" деген сөздерді әркез айтып отыратын дейді. 

“Енемнің өзі осылай деп ақыл-кеңес айтқан соң, менің санам соған иланып, өзім де бұл қалыпты жағдай деп қабылдай бастадым. Сосын әркез соққыға жығылып, өлермен халге түскен сайын полицияға немесе төркініме емес, енеме айтып жүрдім. Ол кісі менің денсаулығымды тексерткен де жоқ. Мен – ит-мысық сияқты жануар емес, адаммын ғой! Сонда да маған жанашырлық танытып, баласына басу айтпаған анаға әлі күнге таңғаламын! Қазір жылап отырсам, қасыма балаларым келіп қарап отырады, оларға да жаным ашиды. Жүрегім ауырады”, – дейді ол. 

“Қатты қорыққандықтан, “ұрмашы” деп айта алмайтынмын”

Сонымен қатар ол күйеуінің кішкентай балаларын да ұрып, ашулы кездері тіпті қабырғаға лақтырып жібергенін айтады. Сол кездері мұндай қорлыққа төзу мүмкін еместігін түсіне бастаған көрінеді. 

“Мен тәрбиелі, көреген отбасыдан шыққан қызбын. Біз жанұямызда ата-апаларымыздың "Барған жеріңде тастай батып, судай сің" деген қанатты сөздерін естіп өстік. Сондықтан таяқ жесем де, ішімнен тынып, тыныш жүрдім. Жылап-жылап, шыдап жүрдім. Себепсіз ұратын еді. Басқа мәселеге бас қатырса немесе өзге достарына ашуланып тұрса да, ақысын менен алатын. Қатты қорыққандықтан, “ұрмашы” деп айта алмайтынмын. Қарсы сөйлемек түгілі, бетіне қараудың өзі мен үшін үрей туғызды. Солай үнсіздікпен және таяқтың астындағы өмірім тағдырыма айналып, жүре бердім”, – дейді келіншек. 

“Енемнің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресуші ұйымды басқаратынын білмеппін”

Аружан Байметованың айтуынша, ол енесінің қоғамдық жұмыстармен айналысып, тіпті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресуші ұйымды басқаратынын білмеген екен. 

“Тек үйдегілер енемізді партия құрамына еніпті, сол жаққа көппен бірге жиналыстарға барады дейтін. Кейіннен менің жағдайым елдің алдында ашық талқыланған кезде ғана, енемнің қандай қызмет атқарып, әйелдер мен балалардың құқығын қорғауы тиіс екенін білдім. Жұртшылық ол кісіні "неге келініне жаны ашымайды, неге құқығын қорғамайды?" деп жатқан кезде өзім де ойландым. Маған енем болса, "күйеуіңнен таяқ жеу, оған көну – әйелге үйреншікті жағдай, тек шыдау керек" деп ұғындырып келді. Өзі солай ойласа, бүкіл қоғамды қалай тәрбиелеп, қалай құқықтық кеңес беретінін түсінбеймін.

Күйеуімнің әкесі әйелдерді ұрған видеоның астына: “Әйелдердің өздері кінәлі деп ойлаймын. Қазіргі әйелдер күйеулеріне балағат, аузына келгенін айтса, ері не істеу керек? Барлық әйел қыз болып тисе, тыныш жүрсе, мұндай шу болмасы анық" деп пікір жазыпты. Осыдан кейін, әкелік ақыл, сабыр туралы айтып, ойлаудың қажеті жоқ шығар. Ол кісі енеммен бірге тұрмайды, ажырасып кеткен, бөлек өз отбасы бар. Әкелік ақыл айтатындай адам ол емес, өз шаңырағында бұлай соққыға жығу үйреншікті болған-ау, себебі енемнің өзі маған “ер адам деген ұрады, шыдаймыз, көнеміз" деп жұбату айтатын еді ғой”, – дейді ол. 

“Тергеушілер арызым мен сараптаманы қабылдамай қойды”

Аружан әу баста оның жағдайы дәл осылай ушығып, қоғам алдында ашық талқыланады деп ойламағанын айтады. 

“Алдымен полицияға арыздандым. Бірақ іс созылып, бір жақты қаралып, куәгерлер тіпті шақырылмай, бұрмалана бастады. Тіпті тергеушілер арызым мен сараптаманы  қабылдамай қойды. Одан бері бірнеше медициналық сараптамадан өттім. Қолдағы бар айғақтар бола тұра Есіл аудандық полиция департаментінің тергеушілері алты ай болды істі сотқа жолдамай отыр. Лифтідегі видеода бәрі анық көрініп тұр, ауыр соққыдан соң денем төрт жерінен сынып, бас сүйегіме зақым келді. Бұдан артық тергеушілерге қандай дәлел қажет?! Неліктен тергеу ісі бұрмаланып, әділ жүргізілмей жатыр? Әйелін ұрып, тіпті өлтіретін адамға ең қатаң жаза тағайындалуы тиіс.

Менің моральдық және физикалық жағдайым әлі де қалыпқа келмеді. Тергеушілердің істі жылы жапқысы келіп жүргені одан сайын жаныма батады. Сонда лауазымды қызметте отыратын әке-шешесі барлар ойына келгенді істеп жүре бере ме? Заң қайда? Құқық қорғау қызметкерлерінің әділдігі қайда? Менің құқығымды кім қорғайды? Мен сияқты мыңдаған қыз-келіншектің құқығын кім қорғайды?!" - дейді ашынған Аружан.

Сонымен қатар ол өзі сияқты тұрмыстық зомбылық құрбаны болғандарға кеңес берді. 

“Дәл мен сияқты жағдайға тап болып, мүшкіл халде жүрген әйелдерге өлмей тұрғанда, дер кезінде полицияға арызданыңдар дегім келеді. Ата-аналарыңызға айтып, достарыңыздан көмек сұраудан қорықпаңыздар! Себебі денсаулықты да, өмірді де ешкім қайта бермейді. Біздің өміріміз қатыгез ата-ене, күйеуімізге қажет болмаса да, біз мынау өсіп келе жатқан балаларымызға қажетпіз! Ата-анамыз бен бауырларымызға керекпіз! Ал тұрмыстық зомбылыққа төзіп, “ол өзгереді, бәрі жақсы болады деу“– үлкен қатер”, – дейді ол. 

Оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті пікір білдіріп, жәбірленушінің 2022 жылдың 28 наурызында Есіл аудандық полиция бөліміне арызданғанын растады. 

“Осы факт ҚР ҚК 107 баптың 2 бөлігі 3 тармағы “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бойынша тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚПК 24 бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша істі жан-жақты, толық және объективті зерделеу мақсатында тергеу іс-әрекеттері жалғастырылуда. Осы уақытқа дейін бірнеше сот-медициналық сараптамалары өткізіліп, жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілгені анықталды. Жақын арада қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабына сәйкес сотқа жолданады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр