Енді сәлем салады: Қазақстандық тележүргізуші Анна Данченко келін атанды
Отандық тележүргізуші Анна Данченко келін атанды. Бұл туралы әнші Абай Бегей мәлімдеп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Анна Данченко, келін болып түсті. Енді сәлем салады. Қазаққа келін болды. Кімге келін болды деп ойлайсыздар?", - деп жазды әнші Абай Бегей желіде.
Желі қолданушылары мен шоу-бизнес өкілдері тележүргізушіні жарыса құттықтасып жатыр.
Пікір жазушыларды оның қандай отбасыға келін болғаны, кімге тұрмысқа шыққаны қызықтырды.
"Қазаққа келін болды ма? Кіммен отау құрды? Өзі де қазақ болып кеткен қыз ғой", - деп жазды олар.
Ал, тележүргізушінің өзі бұған қатысты парақшасында еш ақпарат жазбаған.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”