Енді қазақстандықтарға құжаттарының мерзімі өткені туралы SMS хабарлама келетін болады
Енді телефон номерін электронды үкімет порталында тіркеген қазақстандықтарға құжаттарының мерзімі өтіп кеткені жөнінде SMS хабарлама келетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеліп, электрондық үкімет порталында (eGov.kz) телефон нөміріңізді көрсетуіңіз қажет.
Құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 күн қалғанда ұялы телефонға SMS хабарлама жіберіледі және оның мазмұны келесідей болады:
“Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei, obratites v CON”
10 күннен 1 айға дейін жарамсыз жеке куәлік үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік болса, 1 айдан асқаны үшін 7 АЕК (21 441 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады