Енді елімізде полицейлер ит пен мысықтың чипі бар-жоғын тексереді

Қазақстанда иттер мен мысықтарды міндетті түрде чиптеу мәселесі қаралып жатыр. Ұсынысты мәжілісте депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнамалар аясында үй жануарларын есепке алу мен бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, барлық ит пен мысыққа чип орнату міндеттелуі мүмкін.
Қазақстанда ит иелеріне салық салу ұсынылды
Оқыңыз“Чиптің бар-жоғын тексеру үшін жергілікті билік пен учаскелік полицейлерге арнайы өкілеттік беріледі. Олар үйлерді аралап, үй жануарларының тіркелуін тексереді. Егер жануар чиптелмеген болса, иесіне бір ай уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде талап орындалмаса, айыппұл салынады. Қайта тексеру кезінде де талап сақталмаса, жаза күшейтіледі. Егер жануарда чип болмаса, ол иесіз деп танылады. Мұндай жағдайда ол бұралқы ретінде есептеліп, тәркіленуі мүмкін”, – деді депутат.
Жаңбыршиннің пікірінше, бұл шаралар иелердің жауапкершілігін арттырып, бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде елде чиптелмеген және иесіз жануарлар болмауға тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қаңғыбас иттерге ұсталған соң бес күннен кейін эвтаназия жасалатыны туралы жазған едік.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді