Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең ауыр жұмысқа тек 50 мың төленеді: "Аралтұз" жұмысшылары тоғыз күн бойы ереуілге шықты

Қызылорда облысында "Аралтұз" АҚ тұз өндіру кәсіпорнының жұмысшылары 9 күн бойы ереуілге шығып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Йодталған ас тұзын өндіретін кәсіпорын алдына 1 қыркүйектен бастап жиналған жұмысшылар жалақыны көбейтуді сұрайды. Олар "Аралтұз" акционерлік қоғамы 2014 жылдан бері жұмысшылар жалақысын көбейтпегенін, қазіргі жалақылары 48 мың теңге екенін айтқан. Арал өңірінің экологиялық апат аймағы болып саналуына байланысты жалақыларына 50 пайыз коэфициент қосылады.

Тұз зауыты жұмысшыларының бірі Бауыржан Сәрсенбековтің сөзінше, жалақыны көбейту жөнінде зауыт басшылығына бір ай бұрын жазбаша да талап қойылған. 

Бұл мәселе бойынша "Аралтұз" АҚ президенті – акционер Д.Мұқашевпен ZOOM платформасы арқылы кеңес өткізген. Кеңес барысында акционер тарапынан қыркүйек айының 1-інен бастап басшылық құрамнан бөлек, жұмысшылардың жалақысын 12,5 пайызға, жыл соңында жоспар орындалса әр жұмысшыға 42 500 теңгеден сыйақы беруге және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да жалақыны 10 пайызға көтеруге қатысты шешім қабылданғаны туралы айтылды. Онлайн кеңестен кейін тиісті азаматтар кәсіпорынның ауласына шығып, жұмысшылармен кездесу өткізді.



Алайда күндіз-түні зауыт ауласында наразылық білдіріп отырған жүздеген азамат мұнымен келіспейді.

"Аралтұз" зауытының жұмысшылары айлығымызды екі есеге көтерсін деп талап етеді. Айтуларынша зауыттағы ең ауыр жұмысты істесе де, оларға жалақы 50-55 мың теңгенің көлемінде ғана төленіп келген.

Ал тоғыз күннен бері ереуілдеткен азаматтарға жұмыс заңнамасын бұзғандары жөнінде ескерту хат келіпті.

Айта кетейік, еліміздегі тұз өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірінде қазір мыңнан аса жұмысшы бар. Зауыт жылына 500 тонна тұз өндіреді. Оның 75 пайызы шет елдерге экспортталады.

Талқылау