AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эммануэль Макрон Францияда өткен президент сайлауында жеңіске жетті

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлауда жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Марин Ле Пен болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап. 

Макрон

24 сәуірде Францияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 80% дауысты есептеген соң Макрон 54,81% пайыз дауыс жинап, жеңіп шыққан. Ал Ле Пен 45,19% дауыс жинады. Жеңістен кейін Макронды бірқатар мемлекеттердің басшылары құттықтаған. 

Эйфель мұнарасының жанында сөз сөйлеген Макрон өзінің екінші мерзімге сайлануы мемлекет үшін тыныш болмайтынын, бірақ тарихқа енетінін мәлімдеді. 

"Алдағы жылдар тыныш өтпейді, бірақ тарихқа енеді. Біз бірге келешек ұрпақ үшін тарихқа енгіземіз", - деді ол. 

Макронның сөзінше, оның жақтастары тәуелсіз Франция үшін дауыс берген. Ол бірінші және екінші кезеңде өз жобасын іске асыруда сенім білдірген жандарға алғысын білдірді.

Макрон Марин Ле Пен үшін дауыс берген барлық француздардың президенті болуға уәде берді. 

"Басынан бастап сіздерден наразылық білдірмеулеріңізді сұраймын, өйткені дәл қазіргі уақыттан бастап мен бір лагерьдің үміткері емес, барлығының президентімін", - деді ол.

Алайда сайлау нәтижесі жарияланған соң елде наразылық акциялары басталды. Мәселен, соңғы аптада Макронға дауыс бермеуге шақырған "Жасыл жилет" қозғалысының мүшелері Париж көшелеріне шықты. 

Хабарланғандай, полиция наразыларға қарсы көз жасаурататын газ пайдаланған. Парижде құқық қорғаушылар орталық Шатле ауданында жиналған тұрғындарды таратпақ болған. Сонымен қатар полицейлер көлікке қарсы оқ атуға мәжбүр болды.

Бастапқыда көлік полицейлер талабынан кейін тоқтаған, алайда бірден жылдамдықты үдетіп, полицейлерге қарсы жүрген. Салдарынан көлікте отырған екі адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.

Францияның өзге қалаларында да тәртіпсіздіктер басталған. Наразылар Лион мен Ренне қалаларының көшелеріне шыққан. Кейін Реннеде полицейлермен қақтығыс орын алды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр