Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Емін-еркін кештерге барып, алаңсыз жүр": Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан әлі экстрадицияланбаған

Фото: Сюжет кадрларынан

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат Грузияда емін-еркін кештерге барып, алаңсыз жүрген видеосы тарады. Бас прокуратура Сейсенбаевты елге экстрадициялау үшін шаралар әлі жүргізіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сейсенбаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген. Ол заңсыз ойын бизнесін үйлестіріп, StavkaBet букмекерлік кеңсесіне құрылтайшылық еткен. Оған қатысты қылмыстық іс 2018 жылы қозғалған.

Желіге тараған видео екі апта бұрын жарияланған. Сол кезде қазақстандықтар халықаралық іздеуде жүрген азаматтың Грузияда емін-еркін кештерге барып, алаңсыз сайран құруын сынаған еді. Көпшілікті, әсіресе, күдіктінің өзіне тағылған айып жайлы ашық айтуы таңғалдырған.



"Бұған дейін Бас прокуратура Н. Сейсенбаевтың Грузия аумағында ұсталуына байланысты сол елдің құзырлы органдарына сұрау хат жолданған. Бірақ экстрадициялау туралы өтініш мәніне қарай қаралмай отыр. Сондықтан грузин тарапымен Н. Сейсенбаевты елге қайтаруға бағытталған жұмыстар жалғасады", – деді Бас Прокуратураның баспасөз қызметі. 

Егер Сейсенбаевтың кінәсі дәлелденсе, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 16:34