Елордада 200-ден аса жетім бала үй кезегінсіз қалған
Елордада уәкілетті органдар 14 жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады.
“Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан”, – делінген хабарламада.
Ведомство қадағалау шаралары арқылы 200-ден астам жетім баланы тұрғын үй алуға кезекке қойды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"